Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ирак түрмелерінде ДАИШ-тың мың жарымнан астам әйел-мүшелері бар

    АСТАНА, 01 наурыз. «Ирак түрмелерінде мың жарымнан астам ДАИШ-тың әйел-мүшелері болып табылады, — деді Ирак адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссияның мүшесі Әли әл-Баят. Бұл туралы CA-IRNews агенттігі Fars News-ге сілтеме жасай отырып хабарлады. Әли әл-Баятыдың айтуынша, «Ирак пенитенциарлық мекемелерінде үш мемлекеттің әйелдері мен балалары бар. Оның ішінде: Франциядан екі баласы бар үш әйел, кәмелетке толмаған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде «терроризмді насихаттаған» екі адам бас бостандығынан айырылды

    Ақтөбе, 28 ақпан. Ақтөбе қалалық сотының судьясы Теміржан Алданов «терроризмді насихаттағаны» үшін айыпты деп таныған Қуанышбек Жайлаубаевты сегіз жылға, Азамат Баймурзинді жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.  Жайлаубаев жазасын қатаң режимдегі, ал Баймурзин жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. Сотталушылар үкімге 15 күн ішінде апелляциялық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Индонезия мен Мысыр лаңкестікке қарсы ынтымақтаса күреседі

    АСТАНА, 28 ақпан. Индонезияның ұлттық терроризмге қарсы агенттігі мен Мысырдың Ішкі істер министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтасуға келісті, деп Antaranews сілтеме жасап REGNUM агенттігі жазады. Ұлттық терроризмге қарсы агенттіктің басшысы Сухарди Алиус Каирде өткен екіжақты кездесу барысында қазіргі кезде радикалды топтар өздерінің идеологиясын қабылдау, , насихаттау және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Стамбулда Күрдістан жұмысшылар партиясының 11 содыры ұсталды

    АСТАНА, 28 ақпан. Стамбул полициясы қаланың төрт ауданында арнайы операция өткізіп, нәтижесінде террористтік Күрдістан жұмысшылар партиясының 11 содырын тұтқындады, деп түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап Trend хабарлайды. Ұсталғандар алдағы муниципалдық сайлау кезінде террористік шабуылдарды жоспарлады делінген. Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Түркияның шығыс аймақтарында Күрдістан жұмысшылар партиясының террористеріне қарсы арнайы операциялар жүргізілді. Түркиядағы муниципалдық сайлау 2019 жылғы 31 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Француз азаматтары ДАИШ-пен байланта болғаны үшін сотталады

    АСТАНА, 26 ақпан. Ирактың үкіметі ДАИШ * тарапынан соғысқан 13 француз азаматын сотқа тартады, деп Kurdistan24 сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Бұл мәлімдемені Ирак президенті Бархам Салех Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуде жасады. «Олар Ирак азаматтарына қарсы соғысқаны үшін айыпталуда. Біз бұл мәселеде халықаралық құқық нормаларына сәйкес әрекет етеміз», — деді Салех. Өз кезегінде, Макрон айыпталушының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда лаңкестік салдарынан 4 мыңға жуық адам қаза тапқан

    АСТАНА, 26 ақпан. Ауғанстанда өткен жылы қарулы қақтығыс пен лаңкестіктен 3 мың 800-ден астам бейбіт тұрғын көз жұмған, деп хабарлайды 24.kz. Опат болғандардың 927-сі бала. Тағы 7 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық. Мұндай мәліметті БҰҰ-ның Ауғанстанға қолдау көрсету өкілдігі жариялады. Сарапшылардың айтуынша, қаза тапқан бейбіт тұрғындардың 63 пайызы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін ұсталған алматылық азамат қамауға алынды

    АЛМАТЫ, 25 ақпан. Ұлттық алауыздықты қоздыратын белгілері бар бейнелерді түсірген және Интернетте таратқан адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған Манас Бистаев, ҚР Қылмыстық кодексінін 174-бабының 1 тармағына — әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру — сәйкес қылмыс жасағаны үшін күдікті. «Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ЕО мен Араб мемлекеттері лигасының саммиті өтті

    АСТАНА, 25 ақпан. Египетте тұңғыш рет Еуроодақ мемлекеттері мен Араб мемлекеттері басшыларының саммиті өтті, деп хабарлайды Islam Today. Саммит жұмысына екі аймақтық қауымдастықтың 50-ге тарта мемлекет президенттері, үкімет, Сыртқы істер министрліктері басшылары мен ресми өкілдер келді. Жиында талқыланатын басты тақырып – терроризмге қарсы күрес және заңсыз миграция мәселелері. Саммит қатысушыларының алдында Египет президенті Абдель Фаттах […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабиясы мен Қазақстан экстремистер туралы ақпарат алмасады

    АСТАНА, 25 ақпан. Қазақстан мен Сауд Арабиясы экстремистік діни қозғалыстардың алдын алу, оның ішінде насихаттауға қарсы жұмыс жүргізу әдістерін және радикалды діни идеологияның әсерінен халықты қорғау туралы тәжірибе мен ақпарат алмасады. Тиісті келісімге Қазақстанның қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мен Сауд Арабиясының елшісі Захер бин Мутиш әл-Анезимен кездесу барысында қол жеткізді, деп министрліктің баспасөз қызметіне […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресей террористер туралы деректер банкін ұсынды

    АСТАНА, 25 ақпан. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Вьетнамда өткен конференцияда Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріне шетелдік террористер, оның ішінде Сирия мен Иракта соғысқандар туралы деректер банкіне қосылуды ұсынды, деп хабарлайды Islam News. Аталмыш банк Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметіне қарайды. Министрдің сөзінше, деректер банкіне қосылу арқылы мемлекеттер «күдікті тұлғалардың» трансшекаралық көшіп-қонуын тиімді бақылайтын болады. Алдын […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 12 of 38« Бiрiншi...«1011121314 » 2030...Last »