Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматылық азамат ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін сот алдында жауап береді

    АЛМАТЫ, 20 ақпан. Ұлттық алауыздықты тудыратын монологтар арқасында әлеуметтік желілерде танымал болған Алматы азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, деп Алматы полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Zakon.kz хабарлайды. «Алматы полиция басқармасы әлеуметтік желілер арқылы монологты жүйелі түрде таратып, қоғамдағы ұлтаралық келіспеушіліктер тудыратын Б. азаматына қатысты алдын ала тергеу жүргізу туралы хабарлайды. Оның іс-әрекеттері Қазақстан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирак пен АҚШ Сириядан әскерді шығаруға уағдаласты

    АСТАНА, 20 ақпан. Сириядағы Америка әскері Ирак территориясы арқылы шығарылады. Бұл туралы Таяу-Шығыс конференциясы кулуарында Ирак премьер-министрінің кеңесшісі, әкімшілік басшысы Абдулкарим Хашим Мостафа мәлімдеді, деп жазады РИА Новости. «Әскерлер Ирак территориясы арқылы өтеді. Әрине Ирак пен АҚШ арасында келісім бар. Осыған сәйкес жақын уатытта америкалық әскер Сириядан Ирак арқылы биліктің рұқсаты бойынша шығарылады» дейді Ирак […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Каирде теракті болды

    АСТАНА, 19 ақпан. Египет астанасы Каирде теракті болды. Оқиға салдарынан құқыққорғау органының екі қызметкері қаза тауып, үш полицей жараланды, деп жазады РИА Новости. Мысыр Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, полицейлер күдікті азаматты Каирдің ескі аудандарында бақылауға алған. «Күштік құрылым күдіктіні қоршап алды. Лаңкесті ұстаған уақытта, оған байланған жарылғыш зат іске қосылды» делінген хабарламада. Террорист сол мезетте […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда ИМ ондаған бейнежазбаларын дыбыстаған содыр ұсталды

    АСТАНА, 18 ақпан. «Демократиялық Сирия күштері» коалициясының қарулы күштерінің әскерлері республика территориясында «Ислам мемлекеті» террористік тобының үгіт-насихаттық клиптерін ағылшын тілінде дыбыстаған содырын ұстады. Бұл туралы The New York Times газетіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды. Басылым хабарлағандай, бұл шығу тегі африкалық 35 жасар Канада азаматы Мұхаммед Халифа. Ол қаңтар айында тұтқынға алынды. Газеттің хабарына сүйенсек, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Киевте миналау туралы хабардан сон екі метро станциясы жабылды

    АСТАНА, 18 ақпан. Украина астанасында екі метро станциясы жабылды. «Майдан незалежности» және «Крещатик» станциялары миналау туралы хабар келіп түскеннен кейін жолаушылар үшін жабылды, деп Киев метросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NATION NEWS хабарлайды. Миналау туралы анонимді хабар алынды, сондай-ақ жолаушылар үшін ауысып отыратын тоннел де жабылды. Енді құқық қорғау органдары қызметкерлері тексеріс өткізіп жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда Еуропадан келген 800 террорист бар

    АСТАНА, 18 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропа мемлекеттеріне Сириядан жауынгер отандастарын елдеріне алып кетіп, оларды сотқа беруге шақырды. Оның мәліметінше, республикада Еуропадан келген 800 террорист бар. Бұл туралы америкалық көшбасшы Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz. Трамп соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін жауынгерлердің келген жақтарына қайта кететініне күмәнмен қарайтынын жазған. «АҚШ экстремистердің Еуропаға қалай кіретінін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Теракті ұйымдастырушы 30 жылға сотталды

    АСТАНА,  18 ақпан. Теракті ұйымдастырушы 30 жылға сотталды. Тәжікстанда РФ 201 әскери базасында теракті дайындаған Бахриддин Шарофуддинов 30 жылға бас бостандығынан айырылды.Бұл туралы Islam-today сайты хабарлайды. Республика Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер өткен жылдың қыркүйек айында арнайы операция барысында ұсталған. Белгілі болғандай Шарофуддинов 2004 және 2007 жылдары экстремистік және террористік үндеулері үшін сотты болған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда бір жылда 11 теракті жоспарланған

    АСТАНА, 18 ақпан. 2018 жылы Тәжікстанда жоспарланған 11 терактінің алды алынды. Бұл туралы республиканың Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода журналистермен кездесуде мәлімдеді, деп KAZISLAM хабарлайды. Министрдің айтуынша, өткен жылы тәжік құқыққорғау органы 11 терактіні анықтап, алдын алған. Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыс бойынша 873 іс ашылған. Осы бағыттағы арнайы операция нәтижесінде экстремистік және террористік ұйымның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Солтүстік Македония полициясы террорлық шабуылдарды болдырмау жөніндегі арнайы операция өткізуде

    АСТАНА, 16 ақпан. Солтүстік Македония полициясы ИМ террористік шабуылының алдын алу үшін операция жүргізеді, деп хабарлайды РИА Новости Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып. АҚШ Мемлекеттік департаменті жұма күні елдің атауын өзгерту туралы шешімнің күшіне енуіне байланысты Солтүстік Македонияда (бұрынғы Македония) террористік шабуылдар қаупі туралы ескертуді жариялады. «Ішкі істер министрлігі серіктес-елмен жедел ақпарат алмасқаннан кейін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана полициясы есірткілік заттарды тасымалдап, сатушылардың әрекетін құрықтады

    АСТАНА, 16 ақпан. Астанада құқық қорғау органдары арнайы операция барысында есірткі тасымалдап, сатумен айналысқан бес ер адамды ұстады, деп хабарлады қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап Sputnik агенттігі. Ұсталғандар арасында қылмыстық топтың ұйымдастырушысы әрі басқарушысы болды: 1961 жылы туған ер адам бұрын сотталған екен. Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері есірткі тасымалдап, сатуға қатысы бар тағы төрт […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 14 of 38« Бiрiншi...10«1213141516 » 2030...Last »