Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулда губернатор орынбасары шабуылда қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан.Ауғанстанның астанасы Кабулда губернатор орынбасары Мухибби бомбалы шабуылда қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Ауғанстан Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Тарык Арйен баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың шағын аймағында губернатор орынбасары Махбубуллах Мухиббидің көлігіне тиелген бомбаның жарылғанын айтты. Шабуылда Мухибби мен хатшысының қаза тапқанын түсіндірген Арйен екі оққағарының да жарақат алғаны білдірілді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылысы 4 бейбіт тұрғынның өмірін қиды 

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Ауғанстанның Нангархар провинциясында жасалған бомбалы шабуылда 4 бейбіт адам қаза тапты, деп TRT  хабарлайды. Провинцияның Хогяни ауданына қараған Зави аймағында жолға орналастырылған бомба бейбіт адамдар мінген көлік аймақтан өтіп бара жатқанда жарылды. Жарылыста 4 бейбіт адам қаза тапты. Шабуылды қазірше ешкім мойынына алған жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабул тәлібтермен диалогты Ауғанстанда жалғастыруды қолдайды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан. Ауғанстан президентінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухиб ауғанаралық келіссөздерді Дохада емес  Ауған аумағында жалғастыруға ниет білдірді, деп жазады Анадолу агенттігі. Ауған үкіметі мен «Талибан» қозғалысының өкілдері(ҚР-да тыйым салынған ұйым) арасындағы келіссөздердің қалған кезеңдерін Ауғанстанның өзінде ұйымдастыру керек, деп жазды Мухид әлеуметтік желілерде. «Ауғанстан үкіметі «Талибан» қозғалысы келіссөздер үшін ұсынатын кез-келген орынды қарастырада. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасына 10 шақты зымыран атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша , сенбі күні таңертең Кабулдың әр түрлі аймақтарына бірнеше зымыран шабуылдарының салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, екеуі жараланды,  деп хабарлайды TOLOnews . Кабулдағы Лаб-э-Жар аймағынан қаланың әртүрлі бөліктеріне кем дегенде 10 зымыран атылды, соның ішінде әуежай маңындағы аудандар, PD9-дағы Хавашинаси ауданы, PD9-дағы Зан-Абад ауданы және PD15-тегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» содырлары Ауғанстанның солтүстігінде 7 полиция қызметкерін өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. «Талибан» содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында жеті полиция қызметкерін өлтірді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Балх полициясының бастығы Сайед Мираджуддин Садат журналистерге оқиғаның Шарбұлақ аймағында болғанын айтты. Азаматтық көлікпен Балх провинциясының әкімшілік орталығына бет алған полиция қызметкерлеріне Сулаиман Хил жерінде оқ атылды. «Талибан» бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ауғанстанның оңтүстігінде болған жарылыста 30-дан астам адам жарақаттанды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 желтоқсан. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында бомба қойылған көлік жарылып, кем дегенде 33 адам жарақат алды. Бұл туралы 1TV арнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Арнаның мәліметінше, жарылыс Даман провинциясының бас полиция бөлімінің жанында болған. Зардап шеккендердің арасында 11 полиция қызметкері мен 22 бейбіт тұрғын бар. TOLOnews телеарнасының хабарлауынша, жергілікті полиция бастығы жараланған. Ауғанстанның […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның қауіпсіздік күштері «Талибанның» ықпалды қолбасшысының көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. Ауғанстан қауіпсіздік күштері қақтығыс кезінде «Талибанның» басты әскери қолбасшыларының бірі, елдің солтүстік-шығысындағы Бағлан провинциясының Хинджан аймағының көлеңкелі басшысы болған Молла Әмірді және оның үш қарулы серіктесін өлтірді деп хабарлады жергілікті полиция. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазады . Провинциялық полицияның ресми өкілі Джавед Башараттың айтуынша, «Талибан» содырлары (ҚР — да тыйым салынған ұйым) […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ билігі Ауғанстанды бейбітшілік жөніндегі кеңес басшылығының алғашқы отырысын құптайды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 желтоқсан. АҚШ билігі Ауғанстанның ұлттық бейбітшілік жөніндегі Жоғарғы кеңесі басшылығының алғашқы отырысын құптайды. Бұл туралы сенбі күні  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. «АҚШ Ауғанстанның ұлттық бейбітшілік жөніндегі Жоғарғы кеңесі басқарушы комитетінің құрылуын және бүгінгі бірінші отырысын құптайды. < … > Барлық саяси топтардың Ауған басшылары шешім қабылдауға қолдауға жұмылдырылды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Газни қаласындағы лаңкестік шабуыл, 31 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Лаңкестер арнайы жасақ бөлімшелері орналасқан ғимарат маңында миналанған «Хаммерді» жарып жіберді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстанның Газни қаласында 31 адам лаңкестік шабуылдың құрбаны болды, тағы 24-і жарақат алды. Tolo news Газни губернаторы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Вахидуллах Джумазадаға сілтеме жасап хабарлағандай, лаңкестер арнайы күштер ғимараттың жанында миналанған «Хаммерді» жарып жіберген. Шабуыл үшін жауапкершілікті ешқандай […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Global Terrorism Index 2020: Ауғанстан терроризмге ең көп ұшыраған мемлекет

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.Ауғанстан — 2019 жылы терроризмнен ең көп зардап шеккен мемлекет. Бұл туралы Халықаралық экономика және бейбітшілік институты (IEP) (штаб-пәтері Сиднейде) жариялаған Global Terrorism Index 2020 аналитикалық есебінде айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі. IEP әлемнің 163 елінде 2019 жылы болған оқиғаларды талдады. Есепке сәйкес, Ауғанстан, 2018 жылғыдай терроризмнен ең көп зардап шеккен ел болып […]
    • 4 Years ago
    • 0