Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өзбекстан кеденшілері Тәжікстаннан келетін 170 келіден астам есірткі транзитін тоқтатты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша.Өзбекстан кеденшілері Тәжікстаннан транзитпен келе жатқан пойызда 172,5 килограмм есірткі тасымалының жолын кесті, деп Республиканың Мемлекеттік Кеден комитетінің (МКК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тәжікстанмен шекаралас  Сурхандария облысындағы «Сариасия» бекетінде көрші мемлекеттен келген транзиттік жүк пойызын тексеру кезінде екі вагонның түбінен полиэтиленге оралған және скотчпен орап-түйілген контейнерлер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы полициясы Шу тұрғынынан ірі көлемде гашиш тәркіледі

    АЛМАТЫ, 03 қараша. Алматы полициясы Шу тұрғынынан ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматыда Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері “Участок” жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде есірткі заттарының ірі көлемі бар ер адамды ұстады. – Біздің ауданымызда орналасқан пәтерлердің бірінде есірткі заттарының жағымсыз иісі шығатыны және осы пәтердің айналасында үнемі күдікті адамдардың айналып жүретіндігі туралы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында қызметтік ит 1,5 кг астам гашиш тапты

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 07 қазан. Алматы облысында үйінде есірткі сақтаған күдікті 11 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған рецидивист болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облыстық Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талғар ауданынлағы Тұздыбастау ауылының тұрғынын ұстады. «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 37 жастағы азаматтың жеке үйіне қызметтік итпен тінту жүргізіп, сатының астындағы пакеттен есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 55 жасар Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға сотталды 

    ТАРАЗ, 02 қазан. Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Деловой Казахстан газеті жазады. «Қарағанды—Сұрыптау станциясының көлік полицейлері «Қарасора-2020» жедел—алдын алу іс шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізумен айналысқан Жамбыл облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», — дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев. Оның айтуынша, ұсталған азаматтан жалпы салмағы 23 келі болатын есірткі заты тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «гашиш«есірткі құралы болып табылады. «Осы факті бойынша көлік полицейлері  ҚР ҚК 297 — бабы 3-бөлігімен яғни, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді», — дейді полиция полковнигі. «Осы жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысының мамандандырылған сотының шешімімен құқық бұзушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды сөзін Н. Әлібаев. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері  Көліктегі ПД—нің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері 338 есірткі қылмысын, оның ішінде 31 өткізу және 18 аса ірі мөлшерде сақтау фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 156 келіден астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 31 келі гашиш және 73 келі марихуана тәркіленді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан полицейлері ірі көлемде есірткі тасымалдаған ер адамдарды ұстады

    ТҮРКІСТАН, 01 қазан. Түркістан полицейлері Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарын 700 келі есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгін Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков брифинг өткізді.  “Қарасора-2020” жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Созақ АПБ полицейлері және жергілікті қорықшылармен бірге есірткінің ірі партиясын тасымалдаған “Toyota Land […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Еліміздің бірнеше өңірінде есірткінің ірі партиялары тәркіленді 

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Жамбыл облысында кептірілген марихуана, ал Нұр-Сұлтанда ірі гашиш партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы Шу ауданында екі жүз килограмнан астам марихуана тәркіленді. Полиция күдіктіні марихуананы əзірлеп жатқан кезінде ұстады. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған күдікті 218 келі марихуананы кептіріп, жөнелтуге дайындап қойыпты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 1 келіден астам гашиш тәркіленді

    АЛМАТЫ, Жамбыл облысының тұрғыны есірткінің үлкен көлемін Алматыға жеке таксимен алып келмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткітасушы Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны 1987 жылы туған Б.есімді азамат болып шықты. – Кешкі сағат сегіздер шамасында, Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері “Тойота Камри” көлігін тоқтатты, оның ішінде Меркі ауылынан келген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • “Алматы-Өскемен” автожолында 6 келіге жуық гашиші бар  53 жастағы Талдықорғандық ұсталды

    АЛМАТЫ, 10 қыркүйек. Полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен автокөлік есіктерінің ойықтары арасынан есірткі затын тауып, тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 7 қыркүйек сағат 22.15 шамасында Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Көксу АПБ жедел уәкілдерімен бірлесе өткізген арнайы операция барысында “Алматы-Өскемен” автожолының 241 шақырымында Талдықорған қаласының 53 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Тойота Камри” […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан шекарасында 400 гр гашишті алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз. 2020 жылғы 7 тамызда қазақстандық шекарашылар шекарадан есірткі алып өтпек болған азаматты қолға түсірді, — деп хабарлайды Egemen.kz. Қазақстаннан Ресейге шығатын «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде «К» деген РФ азаматын ұсталды. Ол автомобиліне жасырылған ерекше иісі бар өсімдік тектес затты өткізбекші болған. Сараптама нәтижелері анықталған есірткі заты салмағы шамамен 400 грамм болатын «Гашиш» екенін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері гашин саудагерін ұстады

    АЛМАТЫ, 07 тамыз.  Алматы полициясы газетке орап, есірткі заттарын сатып жүрген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Арнайы күштер жауынгерлерімен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес қызметкерлерінің жүргізген арнайы іс-шарасының нәтижесінде қалада есірткі сатумен айналысатын 46 жастағы ер адам ұсталды. «Полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, есірткі сатумен айналысатын 1974 жылы туған А. есімді азамат ұсталды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 7 of 11« Бiрiншi...«56789 » 10...Last »