Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Дағыстанда террористік ұяшықтың қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан.Дағыстанда екі адамнан тұратын жасырын террористік ұяшықтың қызметі тоқтатылды. Қаскүнемдер ұсталды, қару-жарақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы және оқ-дәрілер қоймасы анықталды. Бұл туралы Дағыстан бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «5 ақпанда Дагестанның Дербент аймағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей ФҚҚ Дағыстан Республикасы бойынша басқарма қызметкерлері республикалық Ішкі істер министрлігімен бірлесе […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны террорист-туысына жәрдемдескені үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар.  Дағыстанда жергілікті тұрғын Солтанбий Биймурзаев терроризмді қаржыландыру бабы бойынша күдікке ілінген . Ол Сирияда содырлар жағында соғысқан туысына көмек көрсетті, деп 19 қаңтарда Солтүстік Кавказ федералды округі бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM агенттігі хабарлады. Тергеу барысында анықталғандай, 2017 жылдың мамыр айында айыпталушы Мәскеуде жүргенде «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына (ҚР […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде сириялық содырларды қаржыландырғаны үшін Дағыстанның тумасы сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Дағыстанның тумасы Рамазан Абдулхаликов Таяу Шығыстағы содырларды қаржыландыру ісі бойынша кінәлі деп танылды. Ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп Мәскеу бойынша РФ ТК бас тергеу бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. 2016 жылдың шілдесінен 2018 жылдың қарашасына дейін Абдулхаликовтың Сирия мен Ирактағы террористік ұйымды қаржыландыру үшін құрылған мессенджерлерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны танысына қарызға ақша бергені үшін түрмеге қамалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек. Оңтүстік аудандық әскери соты Дағыстан тұрғынына үкім шығарды, ол Сириядағы содырларға бару үшін танысына қарызға ақша берген. Ол террористік әрекеттерге жәрдемдескені үшін кінәлі деп танылды, деп соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. 2014 жылдың желтоқсанында Дағыстанның Хасавюрт қаласында Камил Хасаев досына Сирияға барып, заңсыз қарулы топқа қосылуы үшін қарызға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекетінің» төрт жақтаушысы 12 жылдан 19 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Оңтүстік аудандық әскери соты Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекетін» халықаралық лаңкестік ұйымының  (ҚР тыйым салынған ұйым) жақтаушылары, Дағыстан Республикасы мен Ставрополь өлкесінің төрт тұрғыннын 12 жылдан 19 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Соттың анықтауы бойынша, 2017 жылдың күзінде Ставрополь өлкесінің тұрғыны Али Дибиров […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дағыстанның екі тұрғыны терроризмді қаржыландыру бабы бойынша сотта жауап береді

     НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Қаруланған заңсыз құралымды қаржыландыруға ақша жинауға жәрдемдескен Дағыстанның екі тұрғынына қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталды. Көп ұзамай қылмыскерлер сот алдына келеді, деп РФ ТК Дағыстан республикасы бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Тергеу мәліметтері бойынша, 2018 жылы Дағыстанның 24 және 33 жастағы тұрғындары интернетте заңсыз қарулы құрылымдардың  мүшесімен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Дағыстанға шабуыл жасағаны үшін Басаев бандасының мүшелерін ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. ФҚҚ қызметкерлері 1999 жылы Дағыстанға жасалған шабуылға қатысқан Шамиль Басаев пен Хаттаб бандасының  екі мүшесін ұстады. Бұл туралы 17 маусымда ФҚҚ-нің қоғаммен байланыс орталығына  сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Ставрополь өлкесінің тумалары Суртланбек Аджиньязов пен 51 жастағы Русланбек Арсланов ұсталғандығы айтылған. Жақын арада оларға «Құқық қорғау органының қызметкерінің өміріне қастандық жасау» бабы бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сот дағыстандық блогерді ИМ-не қатысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір.  Екінші Батыс аудандық әскери соты «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметiне тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымының қызметіне қатысқаны  үшін кінәсін мойындаған Дағыстан блогері Әлібек Мирзехановқа 10 жыл колониясын тағайындады, деп соттағы дереккөз хабарлады. Бұл туралы  ТАСС-қа  сілтеме жасап REGNUM хабарлады. «Оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды », — делінген хабарламада. Қорғаушы сот […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дағыстан тұрғыны терроризмді қаржыландырғаны үшін сотқа тартылады

    НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. Терроризмді қаржыландырғаны үшін айыпталған Дағыстанның тұрғыны Әли Әлиомаровқа қарсы қылмыстық істі тергеу аяқталды.  Іс материалдары Оңтүстік аудандық әскери соттың қарауына жіберілді, деп Ресейдің Тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Тергеу болжамы бойынша, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейін Әлиомаров Ханты-Мансы автономиялық округінің тұрғынына оның өтініші бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дағыстанда ірі мөлшердегі апиын партиясы бар Әзірбайжан азаматы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Дагестанның мемлекеттік шекарасында Ресейге ірі көлемде есірткі затын әкелмекші болған кезде Әзірбайжан азаматы ұсталды. Тәртіп сақшылары ер азаматтан бес келіден астам апиын тапты, деп «Интерфакс-Юг» сілтеме жасап  REGNUM жазады. Есірткі ВАЗ-2110 автокөлігіндегі арнайы жабдықталған жерінде жасырылған. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, күдіктінің үстінен «Есірткі, психотроптық заттар, олардың прекурсорлары немесе аналогтары, құрамында есірткі бар […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 2 of 3«123 »