АСТАНА, 9 тамыз. Бүгінде экстремизмге қарсы күрес трансұлттық сипат алып отыр. Халықаралық террористік ұйымдардың пайда болуына байланысты, әсіресе 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ оқиғасынан кейін, аталмыш қауіппен бірлесе отырып күресу мәселесі айқындалды. Қазақстан географиялық орналасуы жағынан Батыс пен Шығыстың, Азия мен Еуропаның тоғысқан тұсы болып табылатындықтан, халықаралық антитеррористік шараларға белсенді қатысып, осы бағыттағы 12 Конвенцияның жетеуіне […]