Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жыл басынан бері есірткі жарнамасын таратқан 740 сайт бұғатталып, 10 зертхана жабылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Синтетикалық есірткі героинді нарықтан ығыстыра бастаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Астанадағы психикалық денсаулық орталығы маманының ақпараты бойынша, бүгінде герионге тәуелді нашақорлар сирек кездесетін болған. Қазір көбіне синтетикалық есірткіге тәуелді науқастар көп түседі. Оның көбі ауыр әрі терең психоз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Аджария полициясы сотты болған адамнан аса ірі көлемде есірткі мен қару-жарақ тәркілеген

    НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым.  Аджария полициясы сотты болған ер адамнан ірі мөлшерде есірткі заттарын, заңсыз атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тәркіледі, деп Грузия Ішкі істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап Sputnik Грузия жазады. Аджария Ішкі істер министрлігі полиция бөлімінің детективтік бөлімшелерінің қызметкерлері мен учаскелік инспекторларының бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сотты болған 1966 жылы туған Г.Ш. ұсталды. Ұсталғанның жеке […]
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Кентау қаласының тұрғыны жарты келі гашишпен ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 17 маусым. Түркістан облысында жарты келі гашиш есірткісін сақтаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД-нің полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы жайттерін анықтау, жолын кесу, оларды өткізу мен сақтауға қатысы бар күдіктілерді ұстау бойынша тұрақты түрдегі жұмыстарды жүргізуде. Мысалы, Кентау қаласындағы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері күдікті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қызылорда тұрғыны ауласында қарасора өсірді

    ҚЫЗЫЛОРДА, 15 маусым. Қызылордада полицейлер қала ортасында орналасқан үйден есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Полицейлер жергілікті тұрғынның үйіне тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде ауласынан 189 түп есірткі өсімдігін тәркілеп, гаражынан газет қиындысына оралған жасыл түсті өсімдікті тапты. «Жүргізілген сапартама нәтижесінде ауласынан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • “Қарасора-2021”: Қостанай облысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заты тәркіленді

    ҚОСТАНАЙ, 15 маусым. Қостанай облысында есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Рудный қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды дайындау бойынша наркологиялық зертхананың қызметін тоқтатты. Осы мақсатта Қостанай қаласының 55 жастағы тұрғыны кеншілер қаласының автогараж қоғамдарының бірінің аумағында орналасқан гаражды жалға алған. Гаражда тінту барысында жедел уәкілдер жалпы салмағы 308,8 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ШҚО-ға 1,5 мыңнан астам доза  “гашиш” әкелмек болған Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 10 маусым. Аса ірі гашиш партиясын ШҚО-ға әкелмек болған Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды, — деп хабарлайды Деловой Қазақстан. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі трафигінің жолын кесу бойынша кезекті арнайы операцияны өткізді. Бұл жолы екі адам анықталды, олар Жарма ауданына өсімдік есірткі заттарының аса ірі партиясын әкелуге тырысқан. Есірткіні саудамалақ болған Жамбыл облысының тұрғыны, есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО-да аса ірі көлемдегі есірткімен ауыл тұрғыны  ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 10 маусым. Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының тұрғынынан 5 кг жуық марихуана табылып, тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданының 40 жастағы тұрғыны Петропавл қаласына келген. Полицейлер оның «Subaru Legacy» автокөлігінің жүксалғышынан өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктектес зат салынған, скотчпен оралған полимерлі пакетті тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда қарасора өсірген екі жұмысшы ұсталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 09 маусым. Қарағандыда екі жұмысшы цехтың шатырында қарасора өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 4 маусым күні Қарағандыда жедел-іздестіру шарасы барысында Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің аумағынан 36 және 41 жастағы екі ер адамды ұстады. Бұл тұлғалар ЖШС цехтарының бірінің шатырында заңсыз қарасора өсірген. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда синтетикалық есірткінің 90 бір реттік дозасы бар апалы-сіңлілері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында елорда аумағында құпия орынға синтетикалық есірткі қалдырып кетумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Абылай хан даңғылы бойында 38 және 40 жастағы апалы-сіңлілер ұсталды. Әйелдерді жеке тінту барысында салмағы шамамен 5 грамм болатын «скорость» синтетикалық есірткі заты табылды. Ақмола облысынан келген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Дәрмек» операциясы: Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды 

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. «Дәрмек» операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ресми өкілдің айтуынша, «Дәрмек» арнайы ауқымды операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Оның ішінде 38-сі өткізу фактісі болса, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтау бойынша […]
    • 4 Years ago
    • 0