АТЫРАУ, 10 наурыз. Атырауда 16 жасар жасөспірім мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда мектептердің бірінің электронды поштасына сағат 08:52 шамасында белгісіз адамнан хат түскен. Хатта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жазылған. Бұл туралы мектеп басшылығы жедел басқару орталығына хабарлаған. «Полиция қызметкерлері мектепте жедел […]