Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жамбыл облысында жыл басынан бері 300 келіден астам есірткі тәркіленді

    ТАРАЗ, 10 шілде. Жамбылдық полицейлер 2021 жылдың алты айында үш жүз келіден астам есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 324 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның ішінде 244 келі марихуана, 78 келі гашиш, 796 грамм […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында 100 келіге жуық марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 27 маусым.Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды, деп 24.kz хабарлайды. «Қарасора-2021» және «Канал» республикалық жедел алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу-Меркі автожолында «Ауди» көлігін тоқтатты. «Шу қаласының тұрғындары болып табылатын 35 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы жолаушыны және көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан төрт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында марихуана сатқан 46 жасар жергілікті тұрғын ұсталды

    ТАРАЗ, 27 мамыр. Есірткі сатқан жамбылдық жеті жылға дейін сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сақтаумен айналысатын ер адамды анықтады. Осылайша, Шу ауданында 46 жастағы жергілікті тұрғыннан салмағы бір келіден асатын “кептірілген марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан азамат 3 жылға сотталды

    ТАРАЗ, 22 мамыр. Жамбыл облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында деструктивті діни ағымның жақтаушысын ұстады. Жалпақтөбе ауылының 33 жастағы тұрғыны экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған дерекке қатысты іс материалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Таразда өте қауіпті психобелсенді әсерін тигізетін есірткі сақтаған 26 жастағы азаматша ұсталды

    ТАРАЗ, 28 сәуір. Синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 26 жастағы тараздық азаматша ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов “Facebook” парақшасында xабарлады. Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы азаматшаны ұстады. Полицейлер оның сөмкесінен ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбылдық полицейлерімен заңсыз айналымнан 114 келі түрлі есірткі құралдары алынды

    ТАРАЗ, 22 сәуір. Жамбылдық полицейлер есірткі қылмысына қарсы белсенді күрес жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 196 есірткі қылмысы анықтады. Оның ішінде, есірткі өткізудің 39, аса ірі мөлшерде сақтаудың 19, есірткі құралдарының контрабандасының 4, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің 1, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл обылысында есірткіні насихаттайтын 10 сайт бұғатталды

    ТАРАЗ, 18 наурыз. Жамбыл обылысында есірткіні насихаттайтын 10 сайт бұғатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Жасыл ел — Тараз» ЖШС және «Табысты адамдарды таңдау» қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен бірлесіп, «Біз есірткіге қарсымыз!» атты кезекті акциясын өткізді. Бір күнде облыс орталығында тұрғын үйлер мен мемлекеттік ғимараттардың қабырғасындағы код сөздер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында «Допинг» ЖАІШ аясында 42 есірткі қылмысы тіркелді

    ТАРАЗ, 05 наурыз. Жамбыл облысының полицейлері «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында 42 есірткі қылмысын анықтады, деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлайды. Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес күндік «Допинг» шарасы кезінде 42 есірткі қылмысын анықтады. «11 қылмыстың ішінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша — 4 дерек, ҚК 296-бабының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбылда қызметтік ит салмағы 2 келіден асатын есірткі затын тапты

    ТАРАЗ, 28 ақпан. Жамбылдық полицейлер есірткі заттарының таралуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Допинг» республикалық жедел-іздестіру шаралары аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының тұрғыны — 38 жастағы әйелді ұстады. Тексеру барысында «Бони» атты қызметтік ит оның тұрғын үйінің аумағында орналасқан сарайдан жалпы салмағы 2 келіден асатын өсімдік тектес […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өткен жылы Жамбыл облысында 3 тоннадан астам есірткі тәркіленген

    ТАРАЗ, 27 ақпан. Өткен жылы Жамбыл облысында заңсыз айналымнан 3 тонна 277 келі есірткі тәркіленген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 284 келіге көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тәркіленген зиянды заттардың басым бөлігі, яғни 3 тонна 199 келі — марихуана, 1 келіден астамы — героин, 75 келіден астам гашиш және 2 келіден аса синтетикалық есірткі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 4 of 9« Бiрiншi...«23456 » ...Last »