Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жанкешті Кандагардағы шиит мешітінің жанында жарылыс жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Ауғанстанда Талибанның қамалы деп аталған оңтүстіктегі Кандагар уәлаятындағы шиіттердің Фатымие мешітіне екі  бомбалы шабуыл жасалды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Жанкешті шабуылда 30 адам көз жұмды, 200-ден астам адам жарақат алды. Мешіттің қауіпсіздікке жауапты қызметкері Муртаза Зарифтің айтуына қарағанда уәлаяттың орталығында орын алған мешітке жұма намазы барысында бомбалы шабуыл […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы жарылыс 5 адамның өмірін жалмап кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Сейсенбі күні Могадишо орталығында жанкешті жасаған жарылыста кемінде бес адам қаза тапты. Бұл туралы Shabelle Media Network сомалилық жаңалықтар порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Ақпрарат бойынша, жарылыс кафенің ішінде болған. Бес адам оқиға орнында қаза тапты, тағы алты адам жарақат алды. Сонымен бірге Garowe […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Малиде БҰҰ бітімгерлері жанкештілердің шабуылына ұшырады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде . Малиде орналасқан ирландиялық әскерлерге Ресей Федерациясында тыйым салынған «Аль-Каида*» террористік ұйымының жанкешті-содырлары шабуыл жасады , деп хабарлайды Федералды жаңалықтар агенттігі . Ирландиялықтар Африка республикасындағы БҰҰ бітімгершілік миссиясының құрамында әрекет етеді. Әскерилер тарапынан адам шығыны болмады. Алайда экстремистердің шабуылынан олардың неміс әріптестері және бельгиялық зардап шекті. «Барлығы 15 адам қаза болды, 14 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Аш-Шабаб» лаңкестерінің шабуылы: 20-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым.  Сомалиде «Аш-Шабаб» террорлық ұйымының лаңкестігінде кемінде жиырма бейбіт тұрғын қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Галмудуг аймағы полиция бастығының орынбасары Мұхаммед Махмут жанкешті оқиғасынан артынан террористтер төңірекке оқ жаудырғанын айтты.  Оқиғада кемінде жиырма адам қаза тапты. Террорлық ұйым лаңкестікте кемінде 34 әскер қаза тапты деп алға тартты. Террорлық ұйым елде жиі-жиі лаңкестіктер жасап,  […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі жанкешті шабуылында 15 әскери қызметкер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым.  Сейсенбі күні Сомали астанасы Могадишоның оңтүстігіндегі әскери оқу-жаттығу лагерінде жанкешті шабуылы салдарынан  кем дегенде 15 сарбаз қаза тапты, тағы ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды, деп ТҚК РҚБ ресми сайты жазады. Жасырын болуын қалаған полиция өкіліның хабарлауынша,  жанкешті өзін генерал Дхагобадан атындағы әскери лагерьде  жарып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабул орталығында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Ауғанстан астанасы Кабулда сейсенбі күні кешке жойқын жарылыс болды. Бұл ақпаратты Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің өкілі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Тарик Ариан оқиғаның мән-жайын ашпай, жарылыс сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:50 шамасында Кабулдың 15-ші полиция округінде болғанын хабарлады. Қауіпсіздік көзі жергілікті БАҚ-қа жарылысты жанкешті лаңкес […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Индонезиядағы шіркеудегі жарылыс: 14 адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз. Индонезияда шіркеу алдындағы жарылыс салдарынан 14 адам жарақат алды, деп 24.kz хабарлайды.  Оқыс оқиға Макасар қаласында болған. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, күзетші шіркеу аумағына өтпек болған екі адамды тоқтатқан. Осы сәтте біреуі өзін өзі жарып жіберген. Оқыс оқиға салдарынан таяу маңда тұрған бірнеше көлікке зақым келді. Әзір жарылысты ешбір топ өз мойнына алған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Сомалидің астанасы Могадишода сейсенбі күні Хамарвене ауданындағы полиция бөлімінде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Сомалидің Garowe жаңалықтар порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Шабуылды жанкешті жасаған болуы мүмкін. Жарылыс болған аймақ армия бөлімдерімен қоршауға алынды. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы террорлық шабуыл үшін «Аш-Шабаб» тобы жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сомали астанасы Могадишода жанкешті-лаңкес жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберді, салдарынан, кем дегенде бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп ел полициясына сілтеме жасап Синьхуа хабарлайды. Оқиға 31 қаңтарда шамамен 17.00-де болған, Могадишодағы Аден Адде халықаралық әуежайына жақын орналасқан бақылау-өткізу пунктінің жанындағы Afrik Hotel қонақ үйінің жанында бомба салынған көлік жарылды […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, 3 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Нигерияның Борно провинциясындағы теракт үш адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігіне қауіпсіздік күштеріндегі дереккөз хабарлады. Кондуга ауданында жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, салдарынан үш адам қаза тапты, алтауы жараланды. Шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда, бұл шабуылды «Боко Харам» лаңкестері жасаған болуы мүмкін.
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 3 of 6«12345 » ...Last »