Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Камерунда жанкешті лаңкестің өзің-өзі жару салдарынан кемінде 11 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар. Бүгін түстен кейін Камерунның солтүстік аймағындағы Фотокол елді мекендегі Эль-Бейд көпірінде жанкешті лаңкеспен жасалған жарылыс салдарынан кемінде 11 адам қаза тапты, тағы 26 адам жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады . Жергілікті шенеуніктер шабуылды растады, бірақ толық мәлімет бермеді. Жергілікті журналист Дайру Мохаммедтің айтуынша, шабуыл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстар салдарынан төрт әскери қызметкері жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Дүйсенбі күні таңертең Кабулда болған жарылыстарда төрт әскери қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап.  Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими әскери жаттығу орталығының жанында жанкешті лаңкес өзін-өзі жарғанын мәлімдеді. Екі жарылыс болды деп хабарланады. Оқиға лонына  жақын жолдар жабылды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Индонезияда полиция ғимаратының жанында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.Индонезияның Медан қаласында орналасқан полиция басқармасының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz. Салдарынан бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алды. Белгілі болғандай, жарылысты террорист ұйымдастырған. Күштік құрылым өкілдерінің мәліметіне сай, теракт таңғы сағат 8:40 шамасында болған. Күдікті шабуыл кезінде қаза тапты.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ислам мемлекеті Кабулдағы жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз.»Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) сенбі күні Кабулдағы үйлену тойында болған жарылыс үшін жауапкершілікті өзіне алды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі исламшылардың мәлімдемесіне сілтеме жасап.Бұл туралы РИА Новости жазады. Жарылыс сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 22.40-та Кабулдың үйлену залдарының бірінде орын алды. Жарылғыш құрылғыны жанкешті лаңкес іске қосты. Куәгерлердің айтуынша, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы үйлену тойында жарылыстан 40 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Ауғанстан астанасында болған үйлену тойындағы жарылыс салдарынан 40 адам мерт болып, 100-ге жуығы зардап шеккен.Бұл туралы TOLO News сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Ақпаратқа сәйкес, жарылыс кезінде той өтіп жатқан ғимаратта ондаған адам болған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерде қанға бөккен ондаған адамның денесі жатқан. Ауғанстан ІІМ баспасөз қызметі жарылысты жанкештінің жасағанын мәлімдеді.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Вице-президент лауазымына кандидатқа шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде. Жексенбі күні Ауғанстан вице-президенті лауазымына кандидат Амрулла Салех басқаратын Green Trend саяси қозғалысының кеңсесіне шабуыл жасалған, деп bugin.kz хабарлайды.  Салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, 25-і жараланған. Бұл туралы Reuters шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады. Жарылыс жекеменшік университет маңында болған, артынша содырлар оқу орнына баса-көктей кіріп, осы ғимаратқа жапсарлас Green Trend кеңсесіне оқ жаудырған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылып, бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Бейсенбі күні таңертең Ауғанстанның астанасы Кабулда болған автобустағы жарылыс салдарынан кем дегенде бес адам қаза тауып, он адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News телеарнасына сілтеме жасап. Рахимидің айтуынша, жарылғыш құрылғы жанкешті лаңкес іске қосқан.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 8 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. 21 шілдеде содырлар Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы полиция бөлімшесіне оқ атты. Кейін оқтан жараланғандарды госпитальге жеткізген сәтте жанкешті әйел ауруханада бомба жарған. Қос шабуылдан кем дегенде сегіз адам мерт болды, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Аудандық полиция жетекшісі Салим Риаз Азаттықтың Пәкістан қызметіне мотоциклмен келген содырлар полицей учаскесінің тексеру пунктіне оқ атып, екі полицей […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тунис астанасында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Тунис астанасында белгісіз біреу өз-өзін жарып жіберген.Бұл туралы 24.kz хабарлпйды. Әзірге оқиғадан қанша адам зардап шеккені жайлы ақпарат түскен жоқ. Тәртіп сақшылары жарылғыш затты іске қосқан қаскөй бұрыннан іздеуде жүргенін жеткізді. Айта кетейік, аймақта бұндай оқиғалар жиілеп кетті. Жуырда ғана екі жанкешті лаңкестік жасап бір әскериді мерт қылған. Тағы бірнеше адам жарақат […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Филиппинде әскери базаға шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Филиппиннің Сулу провинциясында лаңкестер әскери базаға шабуыл жасап, 8 адам қаза тапты. Тағы 12 жауынгер мен 10 тұрғын жарақат алды, деп 24.kz хабарлайды.  Ақпарға қарағанда, алдымен бір содыр әскери гарниозонның қақпасының алдына келіп өзін жарып жіберген. Ал екінші бір лаңкес базаның аумағына еніп, бомбаны іске қосқан. Осыдан кейін қалған лаңкестермен атыс басталып, […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 5 of 6« Бiрiншi...«23456 »