Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мәскеуде үш елдің елшілігі «миналанды»

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Мәскеу полицейлері Алжир, Абхазия, Грузия елшіліктерінде, сондай-ақ елордадағы үш стадион мен Внуково әуежайының жарылыс қаупі туралы ақпараттан кейін тергеуге дейінгі тексеруді бастады. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 11 қазан күні кешке Ресей ІІМ Бас басқармасының Орталық әкімшілік округі (ОӘО) бойынша […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Крайстчерч әуежайы жарылыс қаупіне байланысты екі сағатқа эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы әуежай жарылыс қаупіне байланысты бейсенбі күні эвакуациаланды. Бұл туралы елдің полиция департаментіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Полицияның мәліметінше, терминалға кіре берістегі бақылау -өткізу пунктінде қалдырылған сөмкеден жарылғыш затқа ұқсас күдікті зат табылған.  «Ішкі рейстердің терминалы сақтық шарасы ретінде эвакуацияланды. Жұмысқа Жаңа Зеландия Қорғаныс министрлігінің жарылғыш заттарды жоюға арналған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жарылыс қаупі туралы хабарламадан кейін Нидерланд парламентінің ғимараты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Гаагадағы Нидерланд парламент ғимаратын эвакуациялауға алып келген бомба қаупі жалған болып шықты. Бұл туралы Нидерланд полициясының хабарламасына сілтеме жасай отырып Anadolu агенттігі хабарлады . Бұған дейін Гаага полициясы Твиттерде жарылыс қаупіне байланысты парламент ғимараты мен оның маңын тексеріп жатқанын мәлімдеген. Кейін тәртіп сақшылары тергеу нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмағанын хабарлады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда белгісіз біреу 34 мектепті «жарып жібермек» болды

    АЛМАТЫ, 19 наурыз. Алматыда 34 мектепке бомба қойылғаны жайлы хабарлама түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Бастапқыда олардың саны 12 болған, деп Азаттық Радиосы жазады.  «Соңғы мәлімет бойынша, мұндай хабарлама 34 білім беру мекемесіне түскен. Қазірге дейін 18 мектеп тексерілді. Жарылғыш зат анықталған жоқ» деді полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек «Қазинформ» агенттігіне. Бұған дейін полиция […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тадж-Махал аумағынан мың турист эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 наурыз.  Үндістанның Агра қаласындағы (Уттар-Прадеш штаты) Тадж-Махал мавзолейінің аумағынан кем дегенде бір мың турист эвакуацияланған, деп Hindustan Times газетіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  БАҚ мәліметінше, полицейлер мұндай қадамға белгісіз ер адамның бұл орынға бомба қойылғаны туралы телефон қоңырауынан соң барған. Тадж-Махал кешенін полиция қоршады. Қазір жарылғыш затты іздеу жұмыстары жүріп жатыр.  
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтөбедегі ІІМ Заң институтынан жарылыс қаупіне байланысты 500 жуық адам эвакуацияланды

    АҚТӨБЕ, 03 ақпан. Ақтөбеде институт ғимаратына қойылған жарылғыш зат туралы хабарлама жалған болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгін М.Бөкенбаев атындағы ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының электронды мекенжайына институт ғимаратына жарылғыш заттар салынғаны және РФ банктерінің бірінің картасына 1,3 млн. рубль аудару талабы туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер дереу оқиға орнына шықты, оқушыларды, оқытушылар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеу дүкендерінің бірінде жарылыс жасаймын деп сес көрсеткен ер адам ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар.  Полиция қызметкерлері Мәскеудің солтүстік-шығысындағы Новодмитровская көшесіндегі дүкенде жарылыс жасаймын деп қорқытқан ер адамды ұстады. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Оқиға сәрсенбі күні кешке Новодмитровская көшесінде болған. Дүкенге белгісіз ер адам кіріп, жарылыс жасаймын деп қорқыта бастады. Полиция оқиға орнына дереу жетіп, қаскүнемді ұстады», — деді агенттіктің сұхбатшысы. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Оңтүстік Осетия астанасында қоғамдық орындағы жарылыстың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Оңтүстік Осетияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей ФҚҚ-нің көмегімен республиканың астанасы Цхинвалидегі қоғамдық орында жарылыстың алдын алды, деп Оңтүстік Осетияның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап ТАСС жазады.  «Оңтүстік Осетия Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің одақтас өзара іс-қимыл шеңберінде, сондай-ақ Оңтүстік Осетия Сыртқы барлау қызметінің күштері мен құралдарының белсенді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Вашингтон штатында демократтардың кеңсесін жарып жіберемін деп сес көрсеткен ер азамат ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. Полиция сәрсенбі күні Вашингтон штатындағы Спокейн қаласында АҚШ Демократиялық партиясының штаб-пәтеріне баса көктеп кіріп, оны жарып жіберемін деп сес көрсеткен ер адамды ұстады. Бұл туралы ABC телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Ақпаратқа сәйкес, ер адам сымдар шығып тұрған рюкзакпен демократтардың кеңсесіне кіріп, оны жарып жіберу ниетін айтты. Кеңседе оқиға кезінде бір қызметкер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Террорлық шабуыл қаупіне байланысты Голландияның Утрехт қаласында пойыздардың қозғалысы тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қараша.Голландияның Утрехт қаласының орталық станциясынан күдік туғызған жағдайға байланысты барлық адамдар эвакуацияланды. Бұл туралы Нидерланды полициясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Пойыздар қозғалысы тоқтатылды, — делінген хабарламада. — Полиция пойыздардың бірінен күдікті адамды іздестіруде». Нидерландының телерадио хабарларын тарату корпорациясы өз кезегінде полицияның «күдікті нәрсе айтқан адамды іздеп жатқанын» хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, құқық қорғау органдары […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 2 of 5«12345 »