Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Украина астанасындағы банк бөлімшесін жарып жіберемін деп сес көрсеткен өзбекстандық екі айға қамауға алынды

      НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. «Универсал-банк» бөлімшелерінің бірін жарып жіберемін деп қорқытқан Өзбекстан азаматы Сухроб Кәрімов екі айға кепілдік құқығынсыз қамауға алынды. Бұл туралы Киев прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлады. «Киев қаласының Печерск аудандық соты астаналық прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, 2020 жылдың 3 тамызында Киев орталығындағы банкті жарып жіберемін деп қорқытқан Өзбекстан азаматына қамауға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ресей астанасында жарылыс қауіпіне байланысты 2,5 мыңнан астам адам эвакуцияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Мәскеудегі Рязань даңғылындағы «Город» сауда орталығынан жарылыс қауіпіне байланысты 2,5 мың адам шығарылды, деп елорданың төтенше жағдайлар қызметінің өкіліне сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды. «Рязанкадағы «Город» сауда орталығы – анонимді қауіп, жабу алдында 2500 адам шығарылды», — деді агенттіктің дереккөзі.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысында мас адам аудан орталығын «миналаған»

    ҚОСТАНАЙ, 22  шілде. Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып алып, бүкіл полиция қызметін әбігерге салып қойды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  20 шілде күні «112» нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін хабарлаған, деп «Egemen Qazaqstan» жазады.  «Іс-қимыл алгоритміне сәйкес қосымша күш-құралдарды тарта отырып, арнайы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Белгісіз біреулер Мәскеуде бес аурухананы «миналаған»

    НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір. Жұма күні белгісіз біреуі Мәскеудің бес ауруханасындағы жарылыс қаупі туралы хабарлады. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасаған ТАСС жазады . «Елордалық бес аурухананың «миналануы» туралы анонимді хабарлама келді. Қазір кинологтар ғимараттарды жарылғыш құрылғылардың бар — жоғына тексеруде», — деді агенттіктің сұхбатшысы. Мәскеудің бес ауруханасындағы жарылыс қаупі туралы хабарлар расталмаған, деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда теракт жасайтынын хабарлаған оқушының ісі тергеліп жатыр

    АЛМАТЫ, 08 сәуір. Алматыда теракт жасаймын деп хабарлама жіберген оқушы бала қолға түсті. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Хабарлама түсе салысымен қаланың барлық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дереу көрсетілген мекенжайға барып, саперлардың көмегімен ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізген. Жарылғыш заттар табылған жоқ. 14 жасар баланың жалған ақпарат таратқаны анықталып, ол өзінің жасаған әрекетін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеудегі бес аурухана «миналанды»

    НҰР-СҰЛТАН, 01 сәуір.»Миналау» туралы анонимді хабарламалар Мәскеудің түрлі аудандарындағы бес ауруханаға түсті,  деп құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Белгісіз біреулер бес аурухананың әкімшілігіне электрондық пошта арқылы оларды «миналау» туралы хабарлады, оның ішінде 4-Вятский тұйық көшесі, 39 мекен-жайы бойынша № 39 Мемлекеттік клиникалық ауруханасы, сондай-ақ Фортунатовская көшесіндегі Ф. И. Иноземцев ауруханасы бар», — […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 19 жасар американдық Пентагон жанындағы автотұрақта көлікті жармақ болды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Арканзас штатының 19 жастағы тұрғыны Пентагон ғимаратының алдындағы тұрақта біреудің Land Rover көлігін жарып жіберуге тырысқан. Бұл туралы The Washington Post  сілтеме жасап baq.kz жазды. Оқиға 24 ақпанда болды. Полиция қызметкері Пентагонның солтүстік тұрағында Арканзастан келген Мэттью Ричардсонды байқап қалады. Жас жігіт темекі тұтандырғыш арқылы матаны Land Rover көлігінің жанармай құятын багына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Магадан — Кепервеем рейсінің жолаушысы бомба туралы хабарлағаннан кейін ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. «ИрАэро» авиакомпаниясының «Магадан — Кепервеем» рейсінің жолаушысы бомба тасымалдағанын айтты. Ер адамды полицияға жеткізген, жарылғыш зат табылмады, деп Магадан көлік прокуратурасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «2020 жылдың 20 ақпанында «ИрАэро» Авиакомпаниясының  133 рейсінің «Магадан — Кепервеем» жолаушысы жарылғыш құрылғысы бар екендігі туралы мәлімдеді. Жолаушы Магадан әуежайындағы линиядағы полиция бөлімінің кезекші бөліміне […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеудің Домодедово әуежайында төтенше жағдай болды

     НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Симферополь-Мәскеу «ЭС 7» рейсіндегі жолаушы әйел ұшақ әуежайға қонған соң жарылғыш зат барын мәлімдеп, борттағы жолды бөгеп тастаған.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Осыдан кейін әуе кемесі арнайы алаңға орналастырылды. Әзірге күдікті ешқандай талап жариялай қоймаған. Оқиға орнында қауіпсіздік органдары жұмыс істеп жатыр.
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Бомба» туралы хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Ресейде Хабаровск – Мәскеу рейсімен ұшқан борт миналанды деген хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады  sputniknews.kz . Бұқаралық ақпарат құралының хабарлауынша, «Аэрофлот» әуе компаниясының Airbus A330 бортында 261 жолаушы болған. FlightRadar интернет сервисінің мәліметіне сәйкес, ұшақ Хабаровск қаласынан 800 шақырым жерде кері бұрылған. Соңғы ақпарат бойынша ұшақ Хабаровск қаласында қонған. Зардап […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 3 of 5«12345 »