КӨКШЕТАУ, 29 қыркүйек. Ақмола облысында тәуелділікке әкеліп соқтыратын есірткі заттарын жасырмақ болған мектеп оқушысы ұсталды. Жасөспірім қыздан 230 таблетка тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, облыс аумағында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел уәкілдер мектеп оқушысын есірткі заттарын жасырып жатқан жерінен ұстады. […]