Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мәскеудің Домодедово әуежайында төтенше жағдай болды

     НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Симферополь-Мәскеу «ЭС 7» рейсіндегі жолаушы әйел ұшақ әуежайға қонған соң жарылғыш зат барын мәлімдеп, борттағы жолды бөгеп тастаған.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Осыдан кейін әуе кемесі арнайы алаңға орналастырылды. Әзірге күдікті ешқандай талап жариялай қоймаған. Оқиға орнында қауіпсіздік органдары жұмыс істеп жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде Дағыстан тумасы ИМ қаржыландырғаны үшін сот алдына келеді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Мәскеуде Дағыстан Республикасының тумасы Ислам Өтемовке қарсы терроризмді қаржыландыру туралы қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол халықаралық террористік ұйым мүшесіне 60 мың рубль аударғаны үшін сотталады,  деп РФ ТК баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. 2015-2017 жылдары Өтемов танысының өтініші бойынша оның банк карталарына 61 мың рубльді аударғаны анықталды. Бұл ретте, айыпталушы оның танысының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресей астанасында жарылыс қауіпіне байланысты 15 сот эвакуцияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан. Дүйсенбіде Мәскеуде жарылыс қаупі туындағандықтан 15 сот эвакуацияланды, деп хабарлайды   РИА Новости   Мәскеу қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жарылғыш құрылғылар орнатылғандығы туралы хабарларға байланысты эвакуация жүргізілді , қызметкерлер мен келушілер ғимараттан шығарылды. Тексерулер жүргізілуде », — деді баспасөз қызметі. Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі соттарды, метро станцияларын, теміржол вокзалдарын, мектептер мен балабақшаларды «миналау» […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде ФҚҚ ғимаратының жанында белгісіз біреу оқ атты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. 19 желтоқсан кешке қарай Мәскеуде белгісіз ер адам Кузнец көпірі маңындағы Федералдық қауіпсіздік қызметі  ғимаратының маңында оқ атқан. ФҚҚ ТАСС ақпарат агенттігіне шабуыл жасаған адамның қаза тапқанын хабарлаған.Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.  Куәгерлер оқ атылған дыбыс пен адамдардың айқайын естігенін айтады. Куәгерлердің сөзінше, жараланғандар бар. Тағы бір дереккөздер «қауіпсіздік қызметінің екі өкілі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде екі сот ғимараты мен сауда кешендері «миналанған»

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Мәскеудің кейбір мекемелері мен ұйымдарына  жарылыстар туралы жасырын хабарламалар түсе бастады. Атап айтқанда, Басман және Лефортово соттары, деп REGNUM хабарлайды. Сағат 11: 30-да  «ГУМ» және «Афимолл Сити»  сауда кешендеріне жарылыс қаупі туралы хабарламалар түсті. Бұл ғимараттарда тексеру жүргізілуде. Әзірге эвакуацияланғандардың саны туралы мәліметтер жоқ. Бұған дейін Лефортово сотының баспасөз қызметі жүзге жуық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде теракт жасамақ болған күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қараша. Арнайы қызметтерінің қызметкерлері Мәскеуде террорлық шабуыл жасауға күдікті адамды ұстады, деп РЕН-ТВ-ге сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Арнаның хабарлауынша, исламның радикалды формаларын ұстанған 30 жастағы ер адам халық көп жиналатын жерде террористік шабуыл жасауды жоспарлаған. Аталған факті бойынша РФ ҚК-нің 205 бабы («Террористік акт») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Толығырақ мәлімет жоқ. Бұған дейін хабарлағандай , […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде Ингушетияның экстремизммен күрес орталығының жетекшісін атып кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қараша. Ингушетияның экстремизммен күрес орталығының жетекшісі Ибрагим Эльжаркиевті Мәскеуде атып кетті. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, Тропарево-Никулино ауданында оған шабуыл жасалған.Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.  Baza басылымының жазуынша, қылмыскерді оқиға орнына көлікпен әкелген. Ол орталық жетекшісін атып, өлгеніне толық көз жеткізу үшін кетерінде тағы бір рет басынан дәлдеп тұрып атқан. Атыс кезінде Эльжаркиевтен бөлек тағы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде лаңкестер үшін қаржы жинағандар тұтқындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек. Лаңкестер үшін қаржы жинаған «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) ұйымының 9 жақтастары Мәскеу сотының шешімімен қамауға алынды, деп хабарлады жұма күні журналистерге РФ ТК астаналық бас басқармасының  басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова, деп хабарлайды Радио Sputnik.  «Террористік ұйымға қатысу және оған жәрдемдесу үшін қылмыстық істің тоғыз фигурантына айып тағылды. Тергеу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде жарылыс қаупіне байланысты «Билайнның» бас кеңсесі қауіпсіз жерге көшірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Мәскеуде «Билайн» ұялы байланыс операторы  компаниясының бас кеңсесінде қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы шұғыл қызметтеріндегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды. Агенттіктің ақпараты бойынша, белгісіз тұлғадан 8 Март көшесі, 10 үй, 14 құрылыс мекен-жайында орналасқан ғимаратта жарылыс қаупі туралы хабарлама келіп түсті. Жедел қызмет қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін ғимараттан 20-ға жуық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Мәскеуде 256 бала бақшаны «миналаған» ер азаматты ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз. Мәскеуде бұрын сотталған шеттен келген 48 жасар адам лаңкестік туралы көрінеу жалған хабарлама жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Росбалт Мәскеу бойынша ІІМ ББ ақпарат және қоғамдық байланыстар басқармасының бастығы Юрий Титовқа сілтеме жасап. Күдіктіні ФҚҚ қызметкерлері Дежнев оралымында ұстады. Титовтың айтуынша, ер адамның хабарламасына байланысты Мәскеудегі солтүстік-шығыс әкімшілік округінде орналасқан 256 […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 5 of 7« Бiрiншi...«34567 »