Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Санкт-Петербургте миналау туралы хабарламалар нәтижесінде 280-ден астам ғимарат эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Бүгін Санкт-Петербургтің төтенше жағдайлар қызметеріне қаладағы 280-ден астам нысан  миналанды деген хабарламалар келіп түсті, барлығы да жалған болып шықты. Бұл туралы ТАСС жазады. Күні бойы аудандық соттар, бірнеше сауда орталықтары эвакуацияланды. Кеше де қалада осындай жағдай болды, 250-ге жуық нысандар: соттар, қонақ үйлер, сауда орталықтары, дүкендер, Эрмитаж және басқа ғимараттар миналау туралы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургте ғимараттарға «мина қойған» екі күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек.Санкт-Петербург  полициясы миналау туралы ақпарат таратқан екі күдікті ұстады. Бұл туралы 27 қыркүйекте Ленинград облысы мен қала бойынша ІІМ ББ баспасөз қызметі хабарлады, деп REGNUM жазады. Санкт-Петербург орталығындағы Грибоедов каналының жағалауындағы банк ғимаратының миналауы туралы хабарлама 26 қыркүйек күні таңертең құқық қорғау органдарына келіп түсті. Адамдарды кеңседен көшіруге және тексеру жүргізуге тура келді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ террористік іс-әрекеттің алдын алды

    Санкт-Петербург, 23 ақпан. Федералдық қауіпсіздік қызметі Петербургте террористік іс-әрекеттің алдын алды, деп хабарлайды РИА Новости. Бейсенбі күні, 22 ақпанда, ФҚҚ жергілікті басқарма қызметкерлері Орталық Азия тумасын ұстап алды. Ведомстваның ақпаратына сәйкес, ол транспорттық инфрақылырм объектілерінде және адам толы жерде шабуыл жасамақ болған. ФҚҚ дереу-іздестіру жұмыстарын және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.  Қылмыскердің тұлғасы әзірше құпияда сақталуда.
    • 7 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ: Санкт-Петербургте теракт ұйымдастырмақ болған 7 адам ұсталды

    Мәскеу. 28 шілде. Ресейдің федеральды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) 28 шілдеде Санкт-Петербург транспортында теракт ұйымдастырмақ болған жеті күдіктіні ұстағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат агенттігі хабарлады. Прокуратура ұсталғандардың есімін жариялаған жоқ, тек олардың Орталық Азиядан шыққанын айтқан. 3 сәуірде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында метрода жасалған жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам зардап шеккен. Қаза […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Елбасы ШЫҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларын қабылдады

    Астана. 6 сәуір. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрамына Үндістан мен Пәкістанды қабылдау маусым айында өтетін Астанадағы саммитте шешілуі мүмкін. Бұл Азиядағы серіктестікті нығайтуға тың серпін бермек. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің қауіпсіздік кеңесі хатшыларымен кездесуінде осылай деді. Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық ұйымның нормативті-құқықтық базасы мен ұйым мүшелерінің қарым-қатынасын күшейту маңызды екенін атап өтті. Айта […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Петербургте тұрғын үйде қауіпті зат табылды

    Санкт-Петербург. 6 сәуір Санкт-Петербургте тұрғын үйде жарылғыш зат залалсыздандырылды. Бұл туралы журналистерге Невский ауданы әкімшілігінің басшысы Константин Серов айтты, деп хабарлады РИА Новости. Жарылғыш қондырғыға ұқсайтын затты таңертенгі сағат 5-те Товарищеский даңғылының 22 үйдің 1 корпусында табылды. Ғимаратта аздап газ өшірілді. Сол жерде дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеуде. Куәгерледің айтуына қарай, басты кіреберістен арнай топ сарбаздары 3 […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургтегі терактіге қолдау жасағандардың ішінде қазақстандықтар жоқ — СІМ

    Астана. 6 сәуір. Санкт-Петербургтегі терактіге қолдау жасады деген күдікпен ұсталған Орталық Азия елдерінің 6 азаматы қатарында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ақпарат тексерілді. Ұсталғандардың қатарында қазақстандықтар жоқ», — деп атап өтті «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінде. Бұның алдында хабарланғанындай, 5 сәуірде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі, Ішкі істер […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургтегі теракт кезінде отандасымыз Максим Арышев қаза тапты

    Астана. 4 сәуір. Санкт-Петербургтегі теракт кезінде небәрі 20 жастағы отандасымыз Максим Арышев қаза тапты. Ол – лаңкестік әрекеттің құрбаны. Көптің үрейін алған қаралы жағдай бүгін Үкімет отырысында сөз болып, сақтық шаралары талқыланды. Күллі Ресей жұртының қабырғасын қайыстырған кешегі теракт қазақ елінің де өзегін өртеді. Көрші елдегі қайғылы жағдай бізді де алаңдатып отыр. Лаң салған содырлардың […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Елбасы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

    Астана. 4 сәуір. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына шын ниетімізбен ортақтастығымызды білдіреміз», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Террористтер Санкт-Петербургке шабуыл жасады: метрода жарылыс болды, көбі жараланды.

    Санкт-Петербург. 3 сәуір. Санкт-Петербурга метросынын «Сенная площадь» аялдамасында бір вагонда қатты жарылыс болды. Бұл туралы Pravda.ru хабарлайды. «Технологический институт-1» станциясында — бірінші жарылыстан кейін екінші жарылыс болды. Куәгерлердің хабарлауына сәйкес және оқиға орнында түсірілген бейне суреттерді талқылай отырып, жарылыс әсерінен талай адамның зардап шеккеніне көзіміз жетеді. Бейне суреттерде вагон есігінің қатты майысқаны, платформада түтіннің қаптағаны көрінеді. «Бұл оқиға […]
    • 8 Years ago
    • 0
Бет 2 of 2«12