НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. «Бархан» операциясының құрамындағы француз әскери қызметшілері дүйсенбі күні Малиде белгісіз содырлардың шабуылына ұшырады. Бұл туралы Radio France internationale-ге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп ТҚК РҚБ ресми сайты жазады. Оқиға елдің солтүстігінде, осы аймақтың басты қаласы Гаоның оңтүстігіндегі Госси ауылында болды. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, динамитке толы автокөлік француз әскерлерінің бекінген бекетіне соғылып, жарылған. […]