Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның қауіпсіздік күштері ондаған «Талибан» содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір.Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында кем дегенде 75 «Талибан» қозғалысының содырын өлтірді. Бұл туралы Aнадолу агенттігі Ауғанстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды . Арнайы операцияның нәтижесінде әскери күштер Кандагарда Арғандаб аймағында бақылау орнатты. Кандагар полиция басқармасының хабарлауынша, топтың бірнеше басты командирі өлтірілген. Қорғаныс министрлігі операциялар Забул, Кунар, Нангархар және Тахар провинцияларында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Наурыз айында «Күрдістан жұмысшы партиясының» 134 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. «Күрдістан жұмысшы партиясына»  (КЖП/PKK/YPG)  қарсы ел көлемі мен шетелде наурыз айында жүргізілген операцияларда 134 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Күндіз-түні ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала орталықтары мен ауылдық жерлерге қоса шетелде де террористтердің ізіне түсіп, бірнеше апта бойы операцияда жүрген қауіпсіздік күштері КЖП (YPG/PKK) террор ұйымына наурыз айында ауыр соққы енгізді. Наурыз айында ел […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде жанкешті 2 әйел террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір.  Сирияның Африн ауданында бомбалы шабуылға дайындалған екі әйел террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Хатай губернаторлығы Афринде көпшілік жүрген аймақта «Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП/PPK/YPG) террор ұйымы мүшесі 2 әйел жанкештінің бомбалы шабуыл жасамастан бұрын қауіпсіздік күштері тарапынан залалсыздандырылғанын мәлімдеді. Губернаторлық жасаған мәлімдемеде кеңес қызметі көрсеткен жергілікті қауіпсіздік күштерінің заңдық мекемелермен қажетті байланысты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның оңтүстік-шығысында аса қауіпті террористер залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз.Мардинде залалсыздандырылған алты террористтің бірінің «қызыл» категорияда іздеу салынған КЖП (PKK)  террорлық ұйымның Мардин жауаптысы екені анықталды, деп жазады TRT  агенттігі. Ішкі істер министрлігі «Ерен-5» операциясы шеңберінде кеше Мардинде залалсыздандырылған алты террорист арасында «қызыл» категорияда іздеу салынған Хасан Махмуди және «қызғылт» категорияда іздеу салынған Тейуп Чам болғанын білдірді. «Қызыл» категориядағы террорист террорлық ұйым […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның үкіметтік күштері 18 «Талибан» содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Ауғанстан үкіметтік күштері соңғы 24 сағатта өткізілген әскери операцияларда елдің оңтүстігіндегі Кандагар және Гильменд провинцияларында жалпы 18 «Талибан*» қозғалысының содырын өлтірді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Ауғанстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Мәлімдемеде әскерилердің Кандагар провинциясында 10 тәлібті өлтіріп, бомба қойылған көлікті жойғаны атап көрсетілген. Гильменде сегіз содыр өлтіріліп, қару-жарақ пен оқ-дәрі партиясы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иранда қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасаған лаңкестер залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Иран қауіпсіздік күшері елдің оңтүстік-батысында әскери мекемеге қарулы шабуыл жасаған екі террористті залалсыздандырды. Бұл туралы ISNA агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Оқиға Хузестан провинциясында болған. Шабуылдаушылар қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырып, әскери нысанның ішіне кіруді көздеген. Екі террорист те жарақат алды, олардың бірі ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болды. Шабуылдаушылардан автоматтар мен оқ-дәрі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның арнайы қызметтері Ирактың солтүстігінде аса қауіпті террористтің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Түркияның арнайы қызметтері Ирактың солтүстігінде сәтті операция жүргізіп, Түркия аумағында лаңкестік шабуыл  дайындаған террористердің көзін жойды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Түркияның қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздердің хабарлауынша, операция Метин аймағында 22 ақпанда жүргізілген, нәтижесінде «Каркер Кюреджик» лақап атымен белгілі аса қауіпті террорист Хусейн Иналды қосқанда КЖП-ның үш содыры жойылды. Инал Грециядағы «Лаврион» КЖП лагерінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда  «Боко Харамның» 57  содыры залалсыздандырылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харам» террористік ұйымының 57 содыры залалсыздандырылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Өзінің жасырын болып қалуын қалаған әскери шенеуніктің хабарлауынша, терроризмге қарсы операциялар Борно штатының Дамбоа және Гвоза аудандарында өткізілген. Оның айтуынша, көптеген содырлар жараланды, олар қашып үлгерген. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы жылдардың басынан бастап әрекет етеді. 2009 жылдан бері 20 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда КЖП-ның 14 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз.  «Бейбітшілік бұлағы» мен «Евфрат қалқаны» аймақтарында КЖП-ның (PKK/YPG) 14 террористі залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық қорғаныс министрлігінің әлеуметтік аккаунтындағы хабарламада «Бейбітшілік бұлағы» аймағы мен «Евфрат қалқаны» аймағына бағытталған шабуыл әрекеттерінің алды алынды. «Бейбітшілік бұлағы» аймағына шабуыл жасамақшы болған 12  террорист пен «Евфрат қалқаны» аймағына дендеп кіруге әрекет жасаған 2 террорист залалсыздандырылды» делінді.
    • 4 Years ago
    • 0
  •  Нигерия армиясы қырықтан астам «Боко Харам» содырын  жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз.  Нигерия әскерлері дүйсенбі күні елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатында экстремистік «Боко Харам» тобының мүшелерімен қақтығысқан . Бұл шайқаста 41 содвр өлтіріліп, содырлар ұрлап әкеткен 60 бейбіт тұрғын босатылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі армия өкілі Мұхаммед Еримнің әлеуметтік желілердегі мәлімдемесіне сілтеме жасап. Оның мәлімдемесінде Гамбору-Нгала аймағында таңертең әскери бөлімдер «Боко Харам» тобының мүшелерімен қақтығысқан […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 11 of 27« Бiрiншi...«910111213 » 20...Last »