Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Лондондағы теракт: Жетінші күдікті қолға түсті

    Лондон. 12 маусым. Британдық полицейлер Лондон көпіріндегі лаңкестік әрекеттерді тексеру барысында бір апта бұрын болған террорлық әрекетке күдікті жетінші азаматты ұстады, делінген Скотланд-Ярд мәлімдемесінде. Хабарламада айтылғандай, 19 жастағы жігіт сенбі күні кешкісін Лондонның шығысында қолға түсіп, оған Лондон көпіріндегі «лаңкестік әрекеттің ұйымдастырылуына және жүзеге асырылуына қатысы бар» деген айып тағылып отыр. Қазіргі уақытта тағы алты […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Лондон полициясы теракт жасаған күдіктілердің есімдерін атады

    Лондон. 6 маусым. Британиялық полиция Лондонда 3 маусымдағы шабуылды жасаған екі күдіктінің есімдерін атады. 27 жастағы Курам Батт, екі баланың әкесі, отбасымен бірге бірнеше жыл бойы Лондонның шығысындағы Баркин ауданында тұрған. Ол Пәкістаннан көшіп келген, Ұлыбритания азаматтығын алған. Лондон полициясының мәліметі бойынша, Батт құқыққорғау органдары мен MI5 агенттігіне бұрын таныс болған. Екінші күдіктінің есімі — […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Мысырдағы терактілерді жасаған кімдер

    Әбу-Даби. 11 сәуір. Жексенбі күні Мысырда жанкешті лаңкестер екі шіркеуде жарылыс жасады. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің хабарлауынша, лаңкестердің аты-жөні Әбу Ысқақ әл-Масри және Әбу әл-Бараа әл-Масри екені анықталды. Әбу Ысқақ әл-Масри Александриядағы христиандық шіркеуде теракт жасаған. Ол 1990 жылы қыркүйек айында Маньята Аль-Камда дүниеге келген. Сауда бакалавры дәрежесін алған. Оның Кувейтте төрт ай есепші болып жұмыс […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • «Швед террористімен» екінше күдіктінің арасында полиция қызметкерлері байланыс тапты

    Стокгольм. 11 сәуір. Швеция полициясы теракт ұйымдастырған болжамды күдіктімен, жексенбі күні ұсталған екінші күдіктінің арасында байланыс тапты. Бұл туралы Лайф Aftonbladet сілтеме жасап хабарлайды. Полиция өкілінің хабарлауынша, екінші күдікті болжамды террористпен байланысы болған, және оқиға қатысы бар, бірақ тікелей шабуылдаушы болмауы мүмкін. Бұған дейін, Стокгольм қаласында орын алған теракт болжамды ұйымдастырушының Узбекистаннан шыққан Рахмат Акилов екені белгілі […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

    Астана. 10 сәуір. Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті Танта және Александрия қалаларындағы копт православ шіркеулеріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Қазақстан халқының […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Мысырда қазақстандық туристерді үрейге бой алдырмауға шақырды

    Астана. 9 сәуір.  Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Египетте демалып жатқан немесе бұл елге демалуды жоспарлаған қазақстандық туристерді курортты аймақтан тыс шықпауды ұсынады, деп хабарлайды ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өз Facebook парақшасында. «Әлемдік бұқаралық ақпарат көздерінің деректерінше, мысырлық Танта қаласындағы коптық шіркеуде болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Пасха алдындағы жексенбі күні Мысырдың Танта қаласында екі жарылыс болды

    Каир. 9 сәуір.  Мысырдың Танта қаласында, Каирдан солтүстікке қарай орналасқан, екі жарылыс болды. Бұл туралы ТАСС Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Журналистердің ақпаратына сәйкес, бірінші жарылыс Мар-Гиргис ғибадатқасында болды. Басында, жарылғыш затты жаңкешті іске келтірді деп хабарлаған, ал сосын бір белгісіз адамның жарылғыш заты бар сөмкені собордың бірінші қабатында тастап кеткені туралы ақпарат келіп түсті. eXtranews телеарнасының […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Стокгольм қаласының орталығындағы теракт. Оқиға хроникасы

    Стокгольм. 7 сәуір. Стокгольм қаласының орталығында жүк көлігі жаяу жүргіншілерді басып өткен, деп хабарлайды Швеция Радиосы куәгерлерге сілтеме жасап. Төтенше жағдай Дроттнинггатан —  қаланың басты жаяу жүргіншлер көшесінде орын алды. Куегердің айтуынша, жүк көлігі жоғарғы жылдамдықта жаяу жүргішлерді таптап өтті. Жүк көлік дүкенге соғылып барып тоқтады. First image of Sweden Truck Accident @France24_en @ZoieOBrien_ #Stockholm #Sweden pic.twitter.com/KDGRghKXol — Dennis Wecker (@dennis_wecker) […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Террористтер Санкт-Петербургке шабуыл жасады: метрода жарылыс болды, көбі жараланды.

    Санкт-Петербург. 3 сәуір. Санкт-Петербурга метросынын «Сенная площадь» аялдамасында бір вагонда қатты жарылыс болды. Бұл туралы Pravda.ru хабарлайды. «Технологический институт-1» станциясында — бірінші жарылыстан кейін екінші жарылыс болды. Куәгерлердің хабарлауына сәйкес және оқиға орнында түсірілген бейне суреттерді талқылай отырып, жарылыс әсерінен талай адамның зардап шеккеніне көзіміз жетеді. Бейне суреттерде вагон есігінің қатты майысқаны, платформада түтіннің қаптағаны көрінеді. «Бұл оқиға […]
    • 8 Years ago
    • 0
Бет 6 of 6« Бiрiншi...«23456