НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Түркиядағы террорист санының 240-қа азайғанын білдірді, деп TRT хабарлайды. Муштың Хаскөй ауданында мәлімдеме жасаған Сүлейман Сойлу Мушта қауіпсіздік тақырыбында бір жиналыс өткізілгенін айтты. Түркиядағы террорист санының 240-қа азайғанын айтқан Сойлу: «Үңгірлерге тығылған террористтер бастарын шығара алмауда. Телефон арқылы сөйлесе алмауда. Бір жерге бара алмауда» деді.