НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. АҚШ-та қазақстандық эмигрантқа ДАИШ мергені деген айып тағылды. Бұл туралы Американың Әділет министрлігінің ресми сайтында жазылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Баспасөз хабарламасындағы ақпаратқа сәйкес, Руслан Асайынов Қазақстаннан көшіп кеткеннен кейін Нью-Йоркте, атап айтқанда Бруклин ауданында тұрған. 2013 жылы ол Түркия арқылы Сирияға өтіп, ДАИШ-ке снайпер ретінде қосылған. Әділет министрлігінің ақпараты бойынша, Асайынов террористік ұйымда халифаттың «әмір» мәртебесіне […]