НҰР-СҰЛТАН, 09 тамыз. Ауғанстанда Талибан Тәжікстан шекарасындағы Кундуз уәлаятының кейбір аймақтарын басып алды, шыққан қақтығыста 11 бейбіт тұрғын қаза тауып, 41 адам жараланды, деп TRT хабарлайды. Кундуз Қалалық кеңесі төрағасы Мухаммед Юсуф Аййюби мәлімдеме жасап, содырлардың жұма күні кешке шабуылдарын күшейтіп, провинция орталығына қарай ілгерілеуін жалғастырғанын айтты. Талибанның уәлаят орталығының кейбір аймақтарын басып алғанын және […]