Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Париждің маңында полиция қызметкері өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір.Францияның Рамбуйе қаласында белігісз ер адам полицей әйелге шабуыл жасап, тәртіп сақшысы алған жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. Оқиға полция комиссариатында болды. 36 жастағы ер адам ғимаратқа кіреберісте әйелдің тамағына бірнеше рет пышақ сұққан. Атыс басталып, қасқөй алған жарақатынан көз жұмды. Қылмыскердің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Бірақ билік оқиғаны лаңкестік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалиде астанасындағы шабуылда бірдей отбасынан 3 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір.Сомали бас қаласы Могадишода жасалған миномет шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда бірдей отбасынан 3 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  «Garowe Online» деп аталатын жергілікті радионың хабарына қарағанда бас қалада жасалған миномет шабуылынан бірдей отбасынан 3 адам қайтыс болды, 4 адам жарақат алды. Басқа жағынан шабуылдың президенттік сарайды нысанаға алғаны туралы ақпарат таратылды. Шабуылдың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Багдад халықаралық әуежайы зымыранмен атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір.Бағдад халықаралық әуежайы орналасқан ауданға үш «Катюша» зымыраны атылды, зардап шеккендер туралы хабарланбайды. Бұл туралы Ирактың біріккен жедел қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі  хабарлайды. Шабуыл түн ортасында болды, үш зымыран әуежайдың шетіне құлады, делінген хабарламада. Олардың бірі Абу-Грейб түрмесінің жанында, екіншісі – Терроризмге қарсы академияның жанындағы далаң жерге, үшіншісі — Ирактың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • РФ ҰТҚК: 2020 жылы Ресейде 44 лаңкестік шабуылдың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір. 2020 жылы тәртіп сақшылары 44 лаңкестік шабуылдың алдын алды. Бұл туралы Ұлттық терроризмге қарсы комитет (ҰТҚК) аппарат басшысының бірінші орынбасары Игорь Кулягин онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды ТАСС . «Өткен жылы дайындық кезеңінде бандиттер жоспарлаған 96 шабуылдың жолы кесілді. 44 лаңкестік шабуылдың жолын кескенін ерекше атап өткім келеді», — деді ол. Кулягиннің айтуынша, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабул орталығында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Ауғанстан астанасы Кабулда сейсенбі күні кешке жойқын жарылыс болды. Бұл ақпаратты Ауғанстан қауіпсіздік қызметінің өкілі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Тарик Ариан оқиғаның мән-жайын ашпай, жарылыс сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:50 шамасында Кабулдың 15-ші полиция округінде болғанын хабарлады. Қауіпсіздік көзі жергілікті БАҚ-қа жарылысты жанкешті лаңкес […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украинаның қауіпсіздік қызметі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Украинаның қауіпсіздік қызметі елдің көптеген аймақтарында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып REGNUM жазады. Оқу-жаттығу кезінде Украина шекараларының және  стратегиялық нысандар қорғанысы сыналады. «Шара мақсаты — ықтимал террористік және диверсиялық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру», ​​- делінген хабарламада. Украина қауіпсіздік қызметінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстік-шығысында «Талибан» содырларының шабуылы 8 полиция қызметкерінің өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Талибан сарбаздары Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан уәлаятындағы полиция басқармасына шабуыл жасады. Қарулы шабуылда 8 полиция қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Бадахшан уәлаяты губернаторы Наджи Назари сарбаздардың Бадахшанның Зибан ауданына қарасты Риг елді мекеніндегі полиция басқармасына қарулы шабуыл жасағанын айтты. Шабуылда 8 полицияның қаза тапқанын, 2 полицияның жарақат алғанын түсіндірген Назари шабуылдан кейін болған қақтығыстарда сарбаздардың да залалсыздандырылғанын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде әуе операциясы нәтижесінде  КЖП-ның 9 террористі залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында «Күрдістан жұмысшы партиясының» (КЖП-PKK) 9 террористі әуе операциясымен залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер аккаунтынан жасалған хабарламада «Террористерді індерінде жоюды жалғастырамыз. Ирактың солтүстігі Метина аймағында Барлау және күзет құралдарымен анықталған КЖП-ның 9 террористі әуе күштеріміздің табысты операциясымен залалсыздандырылды. Операцияларымыз табандылықпен жалғасуда» делінді. Басқа жағынан Битлистің Татван ауданында «Күрдістан жұмысшы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан үкімет күштері 51 «Талибан» содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір.Ауғанстан үкіметі армиясының операциялары кезінде жұма күні «Талибан» қозғалысының* 51 содыры өлтірілді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Министрліктің мәлімдемесінде жұма күні үкіметтік күштердің Газни мен Нимроз провинцияларында тәліптерге қарсы операциялары басталғаны, нәтижесінде 51 содыр өлтірілгені, олардың қару-жарақтары мен оқ-дәрілері жойылғандығы, Нимроз провинциясындағы «түрменің» жойылғандығы,  оның ішінен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның 44 жастағы азаматы «Талибанмен» байланыс орнатқаны үшін» 15 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Тәжікстандағы Дарваз ауданының тұрғыны тәліптермен байланыс орнатқаны үшін 15 жылға сотталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Таулы Бадахшан автономиялы облысының соты Сухробжон Вазировтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкімді 19 наурызда шығарған. Сот үкімінің көшірмесі Озоди радиосының редакциясына 13 сәуірде түсті. Құжатқа сәйкес, Дарваз ауданының 44 жастағы тұрғыны Сухробжон Вазиров екі жыл бойы «Талибан» қозғалысының Ауғанстандау […]
    • 4 Years ago
    • 0