НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. Ауғанстан астанасының Женгелек ауданында дүйсенбіде болған жарылыс екі адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Жергілікті полиция өкілі Фердевс Фарамарз жарылғыш зат әскери көлікке салынғанын хабарлады. Қаза тапқандардың бірі — әскери қызметкер, тағы бір әскери қызметкер жарақат алды. Бүгін Кабулдың төртінші ауданында Бейбітшілік министрлігінің өкілі Хошнуд Набизаденің көлігі жарылды. Зардап шеккендер жоқ. […]