Париж. 7 маусым. Франция полициясы Париждегі қастандықты лаңкестік әрекет деп таныды. Бұл туралы «Рейтер» ақпарат агенттігі хабарлайды. Ел астанасындағы оқыс оқиға кеше болған еді. Мұнда Нотр-Дам де Пари шіркеуі жанында ер адам тәртіп сақшысына балғамен шабуыл жасаған. Салдарынан полицей жеңіл жараланды. Жауап ретінде қарсы оқ атылып, қаскөй ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның ахуалын ауыр деп бағалап […]