Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Н. Ермекбаев жұмыс сапарымен Атырауда болды

    Атырау. 15 шілде. Кеше Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың жұмыс сапарымен Атырау облысында болды. Cапар аясында діни радикализм мен экстремизмнің алдын-алу мәселелері бойынша өңірлік семинар өтті. Семинар жұмысына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, батыс өңірлердің Дін істері бойынша басқарма басшылары, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының дін мәселелері […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

    Астана. 12 шілде. Отырыста киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мен терроризмнің алдын алу жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан Президенті қазіргі кезде цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталып, бұл ретте кибер қауіп-қатерге және ақпараттық технологияларды заңсыз пайдалануға қарсы тұру қажеттігін атап өтті. – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам өмірі мен мемлекеттің барлық саласында кездеседі. Сондықтан мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Бахтияр Артаев: жат ағымдар жетегіне әлсіздер ғана ілеседі

    Астана. 12 шілде. Олимпиада чемпионы, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры Бахтияр Ғарифоллаұлы Артаевпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. – Бахтияр Ғарифоллаұлы, қазіргі аға буын кейінгі жастарды рухсызданып кетті, патриотизм жоқ, Отанды сүюден ада деген сыни ойларын жиі айтады. Бүгінгі жастарды сондай бағытта тәрбиелеу үшін не істеуіміз керек, қандай әрекеттерге барғанымыз жөн? Мәселен, біреулер тарихи тұлғаларымызды танытуымыз қажет […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Елбасы отыз қылмыс үшін азаматтықтан айыратын заңға қол қойды

    Астана, 11 шілде. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл заң аса ауыр террористік қылмыстар және Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізген адамдарды Қазақстан азаматтығынан айыруды қарастырады. Конституцияға сәйкес келтіру үшін 7 кодекс […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қ.Тоқаев «Атлантикалық кеңес» басшысымен кездесті

    Астана. 11 шілде. Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлантикалық кеңес» президенті Фредерик Кемпті қабылдады, деп хабарлайды  Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының Баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев ықпалды американдық аналитикалық орталықтың басшысымен әңгіме барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Спикер Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен Астананың арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ядролық қауіпсіздік, сауда-экономикалық және инвестициялық […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Тәжікстандағы әскери оқу-жаттығулар өңірде қауіпсіздікті күшейтеді

    Душанбе. 4 шілде. Аса ірі әскери оқу-жаттығулар  Американдық әскери күштердің Орталық Азия қарулы күштерімен біріге Тәжікістанда шілде айында өткізіледі. Тәжікістандағы АҚШ мемлекеті елшілігі өкілінің  «Каравансарайға» хабарлауынша, Душанбе қаласында 10 бастап 23 шілдеге дейін АҚШ  қолбасшылық орталығының күщтері, Пәкістан қарулы күштерінің мүшелері, Тәжістаннан, Қырғызстаннан, Монғолиядан әскери қызметкерлер және Қазақстаннан өкілдер көп ұлтты жыл-сайынғы қолбасшылық-штабтық оқу-жаттығу өткізеді. Оқу терроризмге қарсы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қызылордада ғаламтор желісі арқылы діни алауыздықты тудырмақ болған азамат жауапкершілікке тартылды

    Қызылорда. 4 шілде. Қызылорда облысының ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде ғаламтор желісіндегі әлеуметтік парақшасы арқылы діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасаған Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиға 2017 жылдың наурыз айында орын алған.  Аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, айғақ […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Атырауда жат ағымдағы жастар ғаламтор арқылы жарылғыш зат әзірлеген

    Атырау. 3 шілде. Атырауда радикалды ағымға ерген жастар ғаламтор арқылы жарылғыш зат жасауды үйренген. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Өткен жылдың ішінде прокуратура қызметкерлерінің қарқынды жұмысының нәтижесінде 100-ден аса экстремизмге қатысы бар тұлға анықталған. Олардың барлығы қазақстандықтарды дін, нәсілдік және ұлтараздыққа, теракт жасауға шақырған.  Атырау облыстық дін істері басқармасы өкілдерінің айтуынша, мамандар […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қазақстан билігі «деструктивті басылымдардың» таратылуын тоқтату амалдарын жүргізуде

    Астана. 11 шілде.  Дін істері және азамттық қоғам министрілігінң ақпараты бойынша жыл басынан бері Қазақстан билігі заңға қайшы ақпараты бар 900 веб-сайты және 54 баспа құжаттарды анықтады, сонымен қоса сотталушырадан экстремистік мазмұндағы 13 кітап тәркіледі. «Қай веб-сайттардың деструктивтік ақпараттарды тарататынын Ақпарат және коммуникациялар министрлігі анықтайды (ҚР АКМ)», — деп ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басымдықтары

    ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Арын Берік Сақбайұлының БАҚ өкілдеріне арналған тренингте «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың басымдықтары» тақырыбндағы баяндамасы (Астана, 2017 жылғы 29 маусым). Бүгінгі іс-шараға қатысып отырған қадірлі қауым! Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздермен бүгінгі іс-шарада бас қосып отырғанымыз үшін қуаныштымын және тренинг жұмысы барлығымызға нәтижелі болсын деп тілек білдіргім келеді. Осында жиналып […]
    • 7 Years ago
    • 0