Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Н. Ермекбаев жұмыс сапарымен Атырауда болды

Атырау. 15 шілде. Кеше Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың жұмыс сапарымен Атырау облысында болды.

Cапар аясында діни радикализм мен экстремизмнің алдын-алу мәселелері бойынша өңірлік семинар өтті.

Семинар жұмысына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, құқық қорғау органдарының өкілдері, батыс өңірлердің Дін істері бойынша басқарма басшылары, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының дін мәселелері жөніндегі зерттеу орталықтарының директорлары және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдері қатысты.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі діни қатынастар мәселесі ерекше көңіл бөлуді қажет ететінін атады. «Мұнда біз адамның діндарлығы діни мәдениет қалыптастыру қарқынынан озып кету мүмкіндігін көріп отырмыз. Бұл радикалды идеологияны қабылдау бейімділігінің артуына ықпал етеді. Сондықтан, діндарлықтың жедел өсуі потенциалды қауіп-қатерге әкеледі».

«Біз елдің полиэтностығы мен көпконфессионалдылығын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда зайырлылық құрылым мемлекет дамуының жалғыз әрі дұрыс жолы болып саналады. Зайырлы мемлекетте дінге қатысына қарамастан баршаға бірдей жағдай жасалады», — деді ведомство басшысы.

Министр өз сөзінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 — 2020 жылдарға арналған концепциясының негізгі ережелері туралы баяндады.

Министр Концепция мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың жаңа форматын ұсынатындығын атады. Бұл саладағы мемлекеттік саясаттың мақсаты зайырлылық мемлекет пен деструктивті идеологияға төзбеушілік басымдығына негізделген мемлекет пен дін ықпалдастығының тиімді қазақстандық моделін қалыптастыру.

Сонымен қатар, семинар барысында ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары З. Мақсұтова, Атырау облыстық прокурорының орынбасары С. Шалабаев, Атырау облыстық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Қ. Көшқалиев, Батыс Қазақстан облыстық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы С. Ғиззатов, Ақтөбе облыстық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Ж. Қалмағанбет, Маңғыстау облыстық Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Е. Есбергенов баяндама жасады.

Жұмыс сапары барысында министр Н. Ермекбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен, аудандық және облыстық әкімдік жанындағы антитеррористік комиссия төрағаларымен, сондай-ақ, кейбір деструктивтік діни ағымды ұстанушылармен кездесті.

Сапар қорытындысында министр діни радикализм мен экстремизмнің алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын баса айтты.

Дереккөз: KAZISLAM 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *