Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Дін салаcындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өткізілді

    Астана. 30 маусым. Астана қаласында 2017 жылғы 29 маусымда  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен Дін салаcындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингі өткізілді. Тренинг дін саласындағы тақырыптарға қалам тербеп жүрген журналистермен, БАҚ өкілдерімен және сарапшылар қауымдастығы өкілдерімен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша пікір алмасу, басымдықтарды анықтау және ұсыныстар […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Дін саласындағы тұжырымдама — дінді деструктивті мақсаттарда қолдануға жол бермейді — дінтанушы

    Астана. 30 маусым. Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасы — уақыт сынына жауап беретін құжат, дейді дінтанушы Жалғас Сандыбаев. «Дін саласындағы уәкілетті органның ғылыми-сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдерін кеңінен тарта отырып әзірленген Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясаты тұжырымдамасынына Елбасының қол қоюы қуанышты жайт», […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Деструктивті ағымдардан тұрғындарды қорғап қалу жолы — ақпараттан­дыру — найб имам

    Астана. 30 маусым.  Деструктивті ағымдардың кері әсерінен еліміздің тұрғындарын қорғап қалудың өте тиімді әрі нәтижелі жолы — ақпараттан­дыру. «Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай Астанадағы ЕЦ-166/10 түрмесінде өткен шарада осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық Дін істері жөніндегі басқарма ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде діни бірлестіктермен бірлескен маңызды шара ұйымдастырды.  Оған «Астана қаласының […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

    Астана. 29 маусым. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 — 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін ұсынады. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 — 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 — […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Діни бірлестіктермен байланыстар жөнідегі Кеңес отырысы өтті

    Орал. 26 маусым. Сәрсенбі күні, 21 маусымда Батыс Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушысы А.Өтеғұловтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысы өтті. БҚО дін істері басқармасының басшысы Т.Нығметов Батыс Қазақстан облысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру жолдары мен өзекті мәселелері туралы баяндама жасаса, облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева «Жалпы орта білім […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Терроризмге қарсы операциясын өткізу кезіндегі тәртіп кодексін ҚР және БҰҰ құрастыруда

    Астана, 24 маусым.  Қазақстан БҰҰ мамандарымен бірге терроризмге қарсы операциясын өткізу кезіндегі Астаналық тәртіп кодексін құрастыру бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов «Терроризмге қарсы операциясын өткізу кезіндегі Астаналық тәртіп кодексі- бұл құжат халықаралық терроризмге қарсы тұруға ынталандырылған мемлекеттердің күшін біріктіруге бағытталған», —деді Абдрахманов. Оның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта бұл құжатпен БҰҰ мамандары […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • ЭКСПО аумағында «бомба қойған» адам ұсталды

    Астана. 21 маусым. Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығының «102» каналына көрме аумағында жарылғыш құрылғы орнатылған деп белгісіз ер адам қоңырау шалған. Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде қысқа уақыт аралығында елордалық полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол мас күйінде аталған бұзақылықты жасағандығын мойындады. Медициналық куәландырудың […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ермекбаев: Сирияға кеткендердің 90%-ы опық жеп, істеген ісіне өкінеді

    Астана, 21 маусым. Сирияға кеткендердің 90%-ы осы әрекеті үшін өкінеді. Бұл туралы ҚР Дін  істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты. Министр Сирияға кеткендердің мәселесі ведомствоның құзыретіне кірмейтінін түсіндірді. Өйткені олардың көбісінің кету себебі діни сенім-наныммен байланысты емес. «Бұл адамдар исламның құндылықтарын дұрыс түсінбейді. Елімізде діндарларға барлық жағдай жасалған. […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Дін істері министрі: Қара киіммен тұмшаланғандар мемлекеттің саясатына қарсы

    Астана. 20 маусым. Күректей сақал өсіріп, балағын қысқартып, қара киіммен тұмшаланғандар еліміздің құрылымы мен саясатына келіспейтіндігін көрсеткісі келеді. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев халыққа есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «Бұл біздің мәдениетімізге және салт-дәстүрімізге жат нәрсе. Өйткені қазақ әйелдері бет-әлпетін жабатын қара киім кимеген. Оның үстіне […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Заңсыз діни насихат жасаған 900 сайт бұғатталды

    Астана. 16 маусым. Елімізде 18 конфессия жұмыс жасайды. Олар 3685 діни бірлестік құрамында. Халықтың 15%-ы діндар адамдарды құраса, 10%-ы өздерін атеист санайды. Ал азаматтардың 75%-ы Құдайға сенгенімен, діни жоралғыларды ұстамайды. Бұл деректерді бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жеткізді. Қасиетті Рамазан айында Астанада өткен халыққа есеп беру кездесуінде ведмоство басшысы 9 айдың […]
    • 8 Years ago
    • 0