НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша.Бенишангүл-Гумуз штатында жолаушылар автобусына белгісіздер шабуыл жасады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Эфиопияда жолаушылар автобусына жасалған қарулы шабуыл 34 адамның өмірін қиды.Бұл туралы Эфиопия адам құқықтары жөніндегі комиссиясының (EHRC) Twitter-дегі парағында хабарланды. Шабуыл сенбіден жексенбіге қараған түні елдің солтүстік-батысындағы Бенишангүл-Гумуз штатында болды. Құрбан болғандардың саны артуы мүмкін деген қорқыныш бар. Шабуылдың ұйымдастырушылары әлі белгісіз. […]