ҚОСТАНАЙ, 17 шілде. ІІМ қызметкерлері және Қостанай облысының полицейлері ұзақ уақыт ізіне түсіп, есірткі өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыскерлерді құрықтау жергілікті полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жасағы қатыстырыла отырып Рудный қаласы мен Федоров ауданының аумағында жүргізілді. «10 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердің […]