Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жітіқара тұрғынынан 700 грамм гашиш пен мылтық тәркіледі

    ҚОСТАНАЙ, 11 наурыз. Қостанай облысының Жітіқара кентінде үйде аса ірі көлемде есірткі сақтаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 25 жастағы тұрғынның үйін тінтіп шыққан полицейлер жасыл түсті зат салынған 11 пакет пен электронды таразыны тәркіледі. Сот-химиялық сараптама табылған заттың “гашиш” екенін анықтады. Оның жалпы салмағы 693,15 грамм болды. Тұрғын ол заттармен шектелмепті. Полиция қызметкерлері […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысында ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 04 наурыз. Қостанайлық тәртіп сақшылары облыс аумағында есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция бастығы Бекет Аймағамбетовтің айтуынша, бұл іс сотқа жеткен. Осы дерек бойынша 200 жедел-із кесу шаралары жүргізілген. Алты күдіктіге қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Олар есірткіні заңсыз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қостанайлық полицейлер есірткі сақтаған адамды ұстады

    ҚОСТАНАЙ, 18 ақпан. Қостанайда есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері героин сақтаған 51 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күдікті Қостанай қаласындағы Дзержинский көшесіндегі үйінен қолға түсті. Ол бұған дейін де қылмыстық іске тартылған. «Полицейлер үйі ішіндегі пластик құтыдан 77,44 грамм героин тәркіледі. Бұл аса ірі мөлшердегі есірткі заты саналады. Күдікті есірткіні полимер түйіндісіне ораған», […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өмір бойына сотталған лаңкес өзіне қол жұмсады

    ҚОСТАНАЙ, 15 ақпан. Ақтөбеде әскери бөлімге шабуыл жасаған лаңкес өзіне қол салды, деп ktk.kz хабарлайды. Өмір бойына сотталған 34 жастағы Асхат Иманғалиев түрмеде асылып қалған. Бұл туралы «КТК» арнасының сайтында хабарланды. Ол осыдан төрт жыл бұрын жат ағымның жетегінде кеткен жігіттермен 6655 әскери бөлімі мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасаған. Сол кезде жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, қырыққа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысының тұрғынынан тыйым салынған кітаптар тәркіленді

    ҚОСТАНАЙ, 16 қыркүйек. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасында тыйым салынған журналдарды сақтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Рудный қаласының 54 жастағы тұрғынынан Қазақстан Республикасында тыйым салынған сектаның журналдары тәркіленді. «Сот тексерісінің нәтижелері бойынша экстремистік бағыттағы 15 журнал анықталды. Бұл журналдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, жариялауға және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткі сатқан Қостанай тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылады

    ҚОСТАНАЙ, 20 тамыз. ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «XXXoxoclub.biz ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы Д.Яковенконың заңсыз іс-әрекетін анықтап жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс деректеріне сүйенсек, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «XXXoxoclub.biz сайтын анықтаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ғаламтор-ресурсын Д.Яковенко есімді азаматтың құрғаны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 107 нысанның лаңкестікке төзімділігі төмен

    ҚОСТАНАЙ, 29 шілде. KAZISLAM – Қостанайда нысандардың лаңкестікке төзімділігі тексерілді. Қостанайда 107 нысанның лаңкестік әрекеттерге төтеп беру деңгейі төмен. Бұл туралы жергілікті полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп жазады kаzislam.kz. Тәртіп сақшыларының дерегінше жыл басынан бері 519 нысан тексерілген. Алайда оның шамамен 20 пайызы үкімет қаулысындағы қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтін болып шықты. Нысандарда көбінесе бейнебақылаудың жоқтығы, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысында есірткі дилерлерінің қылмыстық тобы ұсталды — ІІМ

    ҚОСТАНАЙ, 17 шілде. ІІМ қызметкерлері және Қостанай облысының полицейлері ұзақ уақыт ізіне түсіп, есірткі өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қылмыскерлерді құрықтау жергілікті полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жасағы қатыстырыла отырып Рудный қаласы мен Федоров ауданының аумағында жүргізілді. «10 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қостанайда «бомба» туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 12 шілде. Қостанайдағы полицейлерді әбігерге түсірген 34 жастағы қостанайлық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь тәртіп сақшыларының «Март» сауда орталығын түгелдей қоршауға алған айтқан болатын.  Басты себеп — «бомба» қойылғаны туралы жалған хабар. «Бүгін жедел іздеу шаралары нәтижесінде 34 жастағы күдікті азамат ұсталды. Ол Қостанай қаласының тұрғыны […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткіні жарнамалаған жасөспірім ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 12 шілде. Қостанайда синтетикалық есірткіні жарнамалаған 17 жастағы жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рудный қаласында жүргізілген «Көкнар-2019» және «Паутина» жедел-алдын алу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері автобус аялдамалары мен трансформаторлық будкалардың қабырғаларына граффити салған 17 жастағы жігітті ұстады. Аталмыш жазулар синтетикалық есірткі жарнамалайтын интернет сайттың электрондық […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 2 of 3«123 »