Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда радикалды топтың 5 мыңға жуық мүшесі Идлибке көшірілді

Идлиб. 28 наурыз. «Ахрар аш-шам» радикалды тобының 5 мыңға жуық мүшесі мен олардың отбасылары сириялық Хараста қаласынан Идлибке көшірілді.

Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Сонымен қатар Шығыс Гутаның батысындағы Джобар қаласында шоғырланған «Фейлак ар-Рахман» және «Тахрир аш-Шам» топтары жақын арада тізе бүгеді. Мұндай қадамға олар Сирия әскері мен олардың одақтастары Айн-Терма елді мекенін бақылауына алып, қару-жарақ қоймасы мен жерасты жолдарын тауып алғаннан кейін барып отыр. Дерек бойынша әзірге Дума қаласындағы радикалды топ қана әскерилерге қарсылық көрсетуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *