Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияда атыс-шабыс басталғаннан бері 7 мыңнан астам бала көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Соғыс өрті тұтанған елдерде былтыр 8 мың бала атыс-шабысқа қатысқан. Бұл жантүршігерлік мәліметті БҰҰ өкілдері жариялады. Қолына қару ұстағанынан бөлек кәмелетке толмағандардың арасында жәбір көріп, жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандары аз емес, деп хабарлайды 24.kz. 

Былтыр Сирияда 1106 бала өлім құшты. Бұл Араб республикасында соғыс басталғалы басқа жылдармен салыстырғандағы ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Жалпы ресми мәлімет бойынша Сирияда атыс-шабыс қимылдары басталған уақыттан бері көз жұмған кәмелетке толмағандардың саны 7 мыңнан асады. Олардың құқықтары бұзылуының 12 мыңнан аса дерегі тіркелген. ЮНИСЕФ өкілдерінің құжаттарында балаларды таспен атқылау, пышақтау деректері кездеседі.

«Біз отбасымызбен Сирияда тұрдық. Бірақ ұшақтар бізді атқылай бастады. Үйлерді қиратты. Адамдарды өлтірді. Менің Сирияға кері қайтқым келмейді», — дейді Ахмед атты сириялық босқын.

Соғыс басталғалы Сириядағы мектептердің үштен бірі балаларды оқытуға жарамсыз болып қалды. Өйткені бұл ғимараттарда содырлар жасырынғандықтан, әскерилер оларды әуеден соққылап, жермен-жексен еткен. 2018 жылы Сириядағы 262 білім беру мекемесіне шабуыл жасалған.

ЮНИСЕФ мәліметі бойынша 2 миллион 600 мың сириялық бала Таяу Шығыстағы көрші елдерге босып кеткен.

«Сириядан келген балалардың дені осы Мхаярие ауылында тұрады. Жергілікті тұрғындар оларға барынша көмек көрсетіп жатыр. Балалар біздің үйімізде тұрады. Ұл-қыздарымызбен бірге оқиды. Үлгерімдері жақсы. Қалай болғанда да, олар Отанын сағынады», — дейді Ливандағы мектеп мұғалімі Мәриям.

«Әкем Сирияда қалып қойды. Анам мен екі інім қасымда. Анашымның денсаулығы нашар. Жүре алмайды. Біздің ақшамыз жоқ. Жағдайымыз қиын. Үйіме қайтқым келеді. Соғыс басталмай тұрғанда Сирияда бәрі керемет болатын» , — дейді Лина есімді сириялық босқын.

Бүгінде тағы 6 миллионға тарта сириялық бала гуманитарлық көмекке мұқтаж. Олардың көбі елдің солтүстік-шығысында күрд жасақтарының бақылауындағы босқындар лагерінде адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр. Өйткені олар таза ауыз су мен алғашқы медициналық көмекке мұқтаж. Ал, Сирия билігі балалардың жағдайы басты назарда екенін айтады.

«Шығыс елдерінде жетім бала деген түсінік жоқ. Ата-анасынан айырылған бүлдіршіндер туыстарының тәрбиесінде болады», — деп мәлімдеді Алеппо провинциясының губернаторы Хуссейн Диаб.

Рас, сириялықтар жетімін жылатпаған халық. Алайда, балалардың жақындарымен бірге тұруы да оңай емес. Көбі қайыр сұрайды не саудамен айналысуға мәжбүр.

Мұндағы шетелдік содырлардың да балаларының болашағы бұлыңғыр. Бұл бағытта Қазақстан «Жусан» операциясын жүргізіп, өзге елдерге үлгі боларлық іс атқарған еді. Шара барысында Сирия мен Ирактан 440-қа тарта бала елімізге қайтарылды. Осы ретте Қазақстан өзге елдер секілді Араб республиксына салынған экономикалық эмбаргоны алып тастауға шақыруда. Өйткені санкциялардың кесірінен Сирияда балалар тамағы, хирургиялық құралдар, ісікке қарсы препараттар мен мүгедектер арбасының тапшылығы өткір сезіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *