Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбылда үш күнде 15 есірткі қылмысы анықталды

ТАРАЗ, 15 наурыз.  «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында үш тәулік ішінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 25 есірткі тәртібін бұзу дерегін анықтады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған 25 деректің 15-і — қылмыстық іс. Оның ішінде 3-еуі есірткі заттарын өткізу, 2-еуі есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтау, 9-ы — есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану және 1-еуі пайдалану тәртібін бұзу фактілері.

«10 Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Бұл орайда дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу бойынша 8, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу бойынша 2 факт тіркелді» делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы, іс-шара аясында облыс бойынша 76 дәріхана, 20 қойма, 12 емдеу мекемесі, 10 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілген. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 35 келі марихуана, 5 келі гашиш, 3 грам героин есірткі заттары және 12 келі күкірт қышқылының прекурсорлары, 739 есірткі мен психотроптық заттардың ампулалары заңсыз айналымнан шығарылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *