Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тараз тұрғынынан 10 келіден астам есірткі тәркіленді

ТАРАЗ, 01 сәуір.Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу іс-шараларының барысында есірткі заттарын сақтағаны және сатқаны үшін 42 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, күдіктіден тәркіленген зат – жалпы салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды,- делінген ақпаратта.

Күдікті кінәсін толық мойындап, Тараз қаласы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *