Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның батысында содырлардың шабуылы салдарынан үш полиция қызметкері қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір. Жексенбі күні Ауғанстанның батысындағы Бадгис провинциясының Мукар ауданындағы бақылау-өткізу пунктінде қарулы көтерілісшілердің шабуылынан үш полиция қызметкері қаза тауып, тағы алтауы жарақат алды. Бұл туралы жергілікті биліктің ресми өкілі Нажмудин Бурханиге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

Оның айтуынша, «Талибан» қозғалысының (ҚР-да тыйым салынған ұйым) қарулы көтерілісшілері  таңертең ерте Мукар ауданындағы жергілікті полицияның бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасады. Екі сағатқа созылған атыс салдарынан үш полицей қаза тауып, алтауы жараланды.

«Талибан» содырлары біраз шығынға ұшырап, ұрыс алаңынан қашып кетті. Олардан зардап шеккендердің нақты санын дереккөз хабарлаған жоқ.

«Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға қатысты әлі түсінік берген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *