Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШЫҰ елдері Қауіпсіздік Кеңестері хатшыларының кездесуі 15 қыркүйекте бейнеконференция режимінде өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек.ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңестері хатшыларының кездесуі 15 қыркүйекте бейнеконференция байланысы арқылы өтеді, деп РФ Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды.

 «15 қыркүйекте Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңестері Хатшыларының 15-ші отырысы бейнеконференция арқылы өтеді», — делінген хабарламада.

ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық жағдайын талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы тұруға бағытталған бірлескен практикалық іс-шаралар, соның ішінде ШЫҰ Аймақтық терроризимге қарсы құрылымы арқылы пікір алмасу болады, делінген хабарламада.

ШЫҰ елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының алдыңғы кездесуі 2019 жылдың 15 мамырында Бішкекте өтті.

Сол кезде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, экстремизм мен сепаратизмге, заңсыз қару-жарақ пен есірткі айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіншіліктері талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *