Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Талдықорғанда «Telegram» мессенджері арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдіктілер ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қараша. Алматы облысының полицейлері синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан топты ұстады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан бір топ адамды ұстады.

«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу жүргізді. Оның барысында бес адамнан құралған топ анықталды. Олардың барлығы — Талдықорған қаласының 24-28 жас аралығындағы тұрғындары. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы интернет желісі, Телеграмм месенджері арқылы синтетикалық есірткілерді заңсыз таратумен айналысқан. Олар есірткі заттарын жасырын орындар арқылы таратқан»,- деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.

Күдіктілердің бірінің пәтерін санкцияланған тінту барысында ішінде қоңыр түсті өсімдік заты бар, сатуға дайындалған 250 орам алынды. Сонымен қатар, ақ түсті ұнтақ зат және жасыл түсті өсімдік заты бар екі полиэтилен пакет табылды. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды.

«Бүгінгі күні күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 297-бабының 1, 3-бөліктері бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу. Барлық күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды»,-деп толықтырды полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *