Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 08 қаңтар.  Йеменнің оңтүстігіндегі әкімшілік астана саналатын Аден қаласының орталық түрмесінің маңында жарылыс болды. Бұл жаққа үкіметтің жаңа мүшелері келіп кеткен болатын, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап 24.kz хабарлайды. 

Агенттік мәліметінше, жарылыстан түзеу мекемесінің қабырғасы құлаған. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Аден қаласының әуежайында жойқын жарылыс болып еді, салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. Жарақат алғандар қатары жүзден асады. Ел билігі оппозициялық хуситтер ұйымы 4 баллистикалық зымыран атқылағанын айтады. Бұл кезде жаңадан жасақталған үкімет министрлері отырған ұшақ Сауд Арабиясынан ұшып келе жатқан. Бірақ әуе кемесіне зақым келмеген, шенеуніктерден де ешкім зардап шекпеген. Осы шабуылдан кейін президент сарайының маңында екінші жарылыс болып, соңы атысқа ұласты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *