Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның Расулайн ауданындағы жарылыс 4 бейбіт тұрғынның өмірін қиды

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Сирияның Расулайн ауданындағы жарылыста 9 адам жарақат ал ды, 4 қаза болды, деп TRT хабарлайды.

Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен КЖП-дан (YPG/PKK)  тазартылған Расулайн ауданында болған жарылыста 2 бала, барлығы 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 адам жарақат алды.

Шанлыурфаның Джейланпынар ауданы маңындағы Сирия жерінде орналасқан Расулайн ауданында Түркия уақытымен сағат 01:00 шамасында бір жарылыс болды.

Расулайндағы аурухана қызметкерлеріне қарағанда жарылыста 2 бала, барлығы 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 адам жарақат алды.

Жаралылар аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *