Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Касад» содырлары мен ДАИШ арасындағы қақтығыс салдарынан «Әл-Хол» лагерінде 5 босқын қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз. Хасаке провинциясының шығысында «Касад» топтары бақылайтын»Әл-Хол» босқындар лагерінің кіре берістерінің бірінде жарылыс болды, кейін лагердің бесінші секторында АҚШ басқыншы күштерімен байланысқан содырлар мен ДАИШ (ИМ)  ұйымының лаңкестері арасында қиян-кескі ұрыстар болды, деп жазады САНА  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды.

Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, «Касад» содырлары соңғы жылдары лагерьде болған көптеген кісі өлтірулер мен оның ішіндегі қару-жарақтың таралуынан туындаған хаосты бақылауға алу үшін 5-секторды қоршауға алды.

Қақтығыс салдарынан бес бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше әйел мен бала жарақат алды.

Жергілікті дереккөздер лагерьде нан мен судың жоқтығын айтып, «Касад» содырлары лагерьге баратын жолды бұғаттап, оған барлық кіретін жолдарды жауып, коменданттық сағат енгізгенін САНА тілшісіне хабарлады.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *