Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Көкшетау мектебінен табылған жарылғыш затты оқушы қыз жасаған 

КӨКШЕТАУ, 25 мамыр. Көкшетаудағы №2 орта мектепте қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Полицейлер құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағанын анықтады. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Полиция қызметкерлері құрылғыны мектеп оқушыларының бірі (№2 орта мектеп. – ред.) жасағанын анықтады. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке қызды бұл оқу орнында оқуға құлықсыздығы себеп болған», — деп Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.

Ведомство бұл мәселе қосымша тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

«Кәмелетке толмағанды ​​профилактикалық есепке қою жөніндегі мәселені ювеналдық полиция қызметкерлері шешеді», — деп баспасөз қызметінің өкілі қосты.

Еске салсақ, 24 мамыр күні сағат 17:50-де Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің шаруашылық меңгерушісі полицияға қоймадан қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсас зат – сым салынған қаңылтыр банка табылды деген хабармен жүгінген. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, оқу орнынан барлығын – 20 мұғалім мен мектептің 10 техникалық қызметкерін сыртқа шығарды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес анықталған құрылғыны орнында жою туралы шешім қабылданды – қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қауіпсіз қашықтықта жарды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *