Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның Пактия қаласында «Талибан» шабуылынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Ауғанстанның Пактия провинциясында  Талибан содырлары полиция басқармасына шабуыл жасады. Шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT жазады.  Пактия провинциясы әкімшілігінің мәлімдемешісі Абдул Рахман Мангел содырлардың Данд Патан ауданындағы полиция басқармасына шабуыл жасағанын айтты. Абдул Рахман Мангел Талибан шабуылы салдарынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын, бір қорғаушының жараланғанын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Түркиядағы ДАИШ лаңкестерінің «әмірі» қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу Түркияда ДАИШ лаңкестік ұйымының «әмірі» қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі . «Тінту кезінде содырдан зиянкестік әрекеттердің маңызды жоспарлары анықталды», — деп Сойлу өзінің Twitter-дегі парақшасында полицияға ризашылығын білдіріп жазды. Сойлу ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қамауға алынған басшысы нұсқамаларды Ирак пен Сириядан алғанын атап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Бағдадтағы АҚШ елшілігінің жанына төрт зымыран құлап түсті

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз.  Сенбі күні Багдад орталығындағы «Жасыл аймақтағы» АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының жанына төрт зымыран құлады. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Естеріңізге сала кетейік, жұмаға қараған түні Багдадтың «жасыл аймағына» жақын аудан зымыранмен атқыланды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен АҚШ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Президенттің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен бейнеконференциясы өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кездесу барысында тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Қарулы қақтығыс ошақтарынан оралған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде болған лаңкестік әрекет салдарынан алты бейбіт тұрғын жарақат алған

    НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз.  Сирияның солтүстігіндегі Расулайн қаласындағы лаңкестік әрекет салдарынан алдын ала мәліметтер бойынша алты бейбіт тұрғын зардап шекті, деп жазады Anadolu агенттігі . Жарылғыш зат пошта бөлімшесінің жанына қойылды. Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды. Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр. Жарылыс жақын орналасқан ғимараттарға зиян келтірді. Жарылыс факті бойынша тергеу басталды. Құқық қорғау органдары шабуылдың артында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Бағдадтың «жасыл аймағына» ракета атылды

     НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз.  Бағдадтың «жасыл аймағына» жақын аудан жұмаға қараған түні ракетамен атылды. Бұл туралы Al-Hadath телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Телеарнаның хабарлауынша, Бағдадтың батыс маңынан үш ракета ұшырылып, Ирак астанасының үкіметтік мекемелер мен шетелдік дипломатиялық миссиялар, оның ішінде АҚШ елшілігі орналасқан бөлігінің жанында жарылды . Зымырандардың  ашық алаңға құлағаны атап өтілді. Құрбан болғандар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның оңтүстік-шығысында терроризмге қарсы Yıldırım операциясы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. Түркияның Ішкі істер министрлігі Диярбакырда 1495 қызметкер қатысқан “Йылдырым-7 Лиже” терроризмге қарсы операциясын бастады, деп TRT жазады.  Министрлік хабарлама жариялап, КЖП лаңкестік ұйымды толығымен жою және аймақтағы лаңкестерді залалсыздандыру мақсатымен Диярбакыр қалалық жандармерия қолбасшылығы тарапынан операция басталғанын білдірді. Операцияда Диярбакыр қалалық жандармерия қолбасшылығындағы жандармерия жасақтары, жандармерия арнайы жасақтары,  полиция арнайы жасақтары мен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өмір бойына бас бостандығынан айыру:Крайсчерч қаласындағы мешітке шабуылдаушыға  үкім шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. Жаңа Зеландия соты австралиялық Брентон Таррантты өмірлік түрме жазасына кесті. Ол 2019 жылы Крайстчерч қаласында мешітке шабуылдағаны үшін кінәлі деп танылды. Шабуылдан 51 адам қаза тауып, 40 адам жараланған, деп centralasian.org жазады.  Жаңа Зеландия тарихында ең ауыр жаза Брентон Таррантқа тағайындалды. Сот шешімі бойынша, ол уақытынан бұрын бостандыққа шыға алмайды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, судья […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Калуга облысында лаңкестердің жәрдемшісі 8 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз. 2-ші Батыс аудандық әскери сотының үкімімен азамат Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің «Лаңкестік әрекетке жәрдемдесу» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Ресей Федерациясының Калуга облысындағы ФҚҚ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ВЕСТЬ NEWS хабарлайды. Бұған дейін осы ведомствоның қызметкерлері аталған азаматтың халықаралық лаңкестік ұйым қатысушыларының қызметін материалдық қамтамасыз етуге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирандық шекарашылар қауіпті лаңкесті өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз.Иранның шекара күзетінің қолбасшысы бригада генералы Ахмад Али Гударзи 24 тамызда Иран күштері қауіпті лаңкесті өлтіріп, елдің оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белуджистан провинциясындағы Сараван аймағындағғы қарулы қақтығыстар кезінде топтың бірнеше мүшесін жарақаттағанын мәлімдеді. Бұл туралы Иранның IRNA агенттігіне сілтеме жасап REGNUM жазады.  «Сараван аймағында бандиттердің болуы туралы ақпарат алғаннан кейін шекарашылар олардың баспанасын дәл […]
    • 4 Years ago
    • 0