Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Анкара жарылыстарға байланысты Күрдістан жұмысшы партиясынан сезіктенеді

Түркия билігі Стамбулда сенбінің кешінде болған жарылыстарды Күрдістан жұмысшы партиясы ұйымдастырған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Жарылыстар салдарынан қаза тапқан 38 адамның 30-ы полиция қызметкерлері екені хабарланған. Зардап шеккен 150-ден аса адам ауруханаларда жатыр. Түркия үкіметі Стамбулдағы жарылыстар құрбандарын аза тұту күнін жариялаған.

Желтоқсанның 10-ы күні кешкісін түркиялық «Бешікташ» және «Бурсаспор» футбол командалары арасында өткен ойыннан кейін Стамбулдағы Vodafone Arena стадионы жанында екі жарылыс болған. Сағат 22:30 кезінде стадион маңайындағы тәртіпті қадағалауға қойылған полиция жасағы отырған автобустың қасында тұрған көлікке орнатылған мина жарылған. Іле-шала стадион жанындағы саябақта жанкешті өзін жарып жіберген.

Дереккөз: Азаттық Радиосы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *