Атырау. 3 наурыз. Атырау қаласының тұрғындарын каска киген адамдар мен жабық жолдар үрейлендірді, бұл туралы «Мой ГОРОД» ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды.
Атырауда сағат 11-лер шамасында бір қатар орталық көшелер жабық болды, қала тұрғындарын арнайы топ сарбаздары мен патруль автокөліктері шошытты. Мысалға, ауежайға апарар жол жабық болды. Арнайы топ сарбаздары жол-патруль қызметкерлерімен бірге жолға кесе-көлденеңінен тізіліп тұрды.
«Мой ГОРОД» ақпарат тілшісіне аудандық ІІД баспасөз-хатшысы Гульназира Мухтарованың айтуына сәйкес, бүгін қалада «Батыс – Антитеррор-2017» жоспарлы жаттығуы өткізілуде. Жаттығудың мақсаты: мемлкеттік мекемелердің терроризм дерттерін алдын алу іс-шарасына дайындығын анықтау. Осыған орай Атырау қаласының бір қатар бөліктерінде шектетілген шара енгізіледі.
Дереккөз: «Мой город»