Лондон. 5 мамыр. Британдық полиция бейсенбі күні, 4 мамырда, Лондонның Хитроу әуежайында терроризмге қатысы бар күдіктіні тұтқындады, деп хабарлайды CNN Лондондық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Хабарламаға сәйкес, Терроризмге қарсы полиция басқармасының қызметкерлері 4 мамыр кешке лондондық Хитроу әуежайында Ыстамбұл бағытынан ұшып келген 30 жастағы ер адамды тұтқындады.
Алдын ала мәлімет бойынша күдіктіге теракт жасаушыларды дайындады деген айып тағылды.
Бұдан басқа, күдіктіні тұтқандауға байланысты Ұлыбритания елордасының шығыс бөлігінде тінту жұмыстары жүріп жатыр.
Дереккөз: Интерфакс