Қабул. 28 наурыз. Ауғанстанның сотүстік бөлігінде шамамен 3 мыңдай лаңкес бар. Олардың 80 пайызы шетелдік. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық лаңкестікке қарсы бөлімінің басшысы мәлімдеді.
Айтуынша «Ирак және Левант лаңкестік ұйымын» қолдайтын бұл содырлар аймақтан квази-мемлекет құрып, барлығын өз ережелеріне бағындырғысы келеді. Бұл – содырлардың жергілікті тәліптерден басты айырмашылықтарының бірі.
Айта кетейік, бұған дейін Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елдегі тәліптерді бейбіт мәмілеге шақырған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымы да барлық мемлекеттерді «Талибан» тобын келіссөз үстеліне отыруына ықпал етуге шақырды. Ал ресми Кабул осы келіссөздер көп ұзамай басталатынынан үмітті екенін жеткізді.
Ақпарат көзі: Хабар 24