Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сириядан қайтарылған 18 жетім баланың туыстары табылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр. Сириядан қайтарылған 18 жетім баланың Қазақстандағы туыстары табылды. Бұл туралы «Жусан-2» операциясына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала тиісті жұмыстар жүргізіліп, барлық балалардың туыстары табылды. Олар жеткіншектерді өз отбасыларына қабылдауға дайын. Бұл тұрғыда баланы асырап алуға, құжаттарды қалпына келтіруге қатысты қажетті заңнамалық рәсімдер бар екенін түсіну керек. Бұл шаралар орындалғаннан кейін, жетім балаларды өз жақындарының тәрбиесіне беру үшін ешқандай кедергі болмайды», — деді Б. Рахымбердиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Сириядан 231 Қазақстан азаматының елге жеткізілуіне байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасады.

«Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы — балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і — жетім балалар. Бұл ауқымды гуманитарлық акция — Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы», — делінген Мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Белгілі болғандай, Қазақстанға келгеннен кейін 16 ер адам мен 4 әйел ДАИШ жағында террористік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен тұтқынға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *