Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Желіде діни мазмұндағы материал таратқан петропавлдыққа айыппұл салынды

ПЕТРОПАВЛ, 15 ақпан. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімсіздік, теріс ақпарат – жастардың радикалдық ағымдарға өтіп кетуіне себепші болады. Сондықтан құқық қорғау органдарының мамандары көшеде тегін таратылатын материалдарға жоламауға кеңес береді. Діни әдебиет сатуға рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ сауда орындарында сатылатын кітаптарды да алмаған жөн. Бұл жөнінде  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап kazislam.kz  хабарлайды.

«Діни мазмұндағы әдебиет, тағы басқа заттарды сату, тегін тарату, шығару, діни рәсімдерді өткізу талаптарын бұзу – Қазақстан Республикасының заңымен қудаланады. Айыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша діни мазмұндағы материалдар таратқан 10 факті анықталды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарға 35-тен 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынды. Мәселен, Петропавл тұрғыны әлеуметтік желілердің біріндегі өзінің жеке парақшасына аудио және видео файлдар жүктеген.

Аталған факті бойынша материал жиналды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен оған 20 АЕК, яғни 127 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», – дейді СҚО Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Марат Халимулин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *