НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. Израильдің оңтүстіктегі аймақтары Газа секторы тарапынан тағы да шабуылға ұшырады, деп хабарлайды 24.kz .
Жексенбілік демалыстың шырқын бұзған дабылдан соң тұрғындар арнайы орындарды паналауға мәжбүр болды.
Бұл жолы Израиль аумағын «Ислам Джихады» деп аталатын лаңкестік ұйым зымырандармен атқылады. Мәліметке қарағанда, Израиль жеріне 20-дай зымыран ұшырылған. Олардың онын елдің «темір күмбез» деп аталатын әуе қорғаныс кешенімен атып түсірілді. Осыдан кейін Израиль күштері қарулы топтарға қарымта соққы жасап, 4 адам жарақат алды. Билік лаңкестердің кез келген әрекетіне қатаң жауап берілетінін ескертіп отыр.